Регбиден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды

© Photo : Пресс-служба Министерства туризма и спорта КазахстанаҚазақстан регбиден Азия чемпионатында топ жарды
Қазақстан регбиден Азия чемпионатында топ жарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Жазылу
Оманда өткен чемпионат 15 команданың басын қосты
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан құрамасы регбиден Омандағы Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy турнирінде жеңіске жетті.

15 команда қатысқан додада жерлестеріміз барлық кезеңде жеңіске жетіп, жеңімпазы атанды.
© Photo : Пресс-служба Министерства туризма и спорта КазахстанаҚазақстан регбиден Азия чемпионатында топ жарды
Казахстан занял первое место на Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 по регби в Омане - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Қазақстан регбиден Азия чемпионатында топ жарды

"Бәсеке топтық кезең, плей-офф, ширек финал, жартылай финал және финал форматында өтті. Қазақстан құрамасы өз тобында Қырғызстан, Сауд Арабиясы және Қатар командаларымен сынға түсіп, барлық қарсыласынан басым түсті. Сөйтіп, топта бірінші орынмен сенімді түрде knockout кезеңіне жолдама алды", - деп жазды туризм және спорт министрлігі.

Жартылай финал: Қазақстан – Ауғанстан: 41:0
Екінші жартылай финалда Үндістан Сауд Арабиясын 17:0 есебімен жеңді.
Финал: Қазақстан – Үндістан: 27:0 – шешуші матчта да біздің спортшылар қарсыласына мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы турнирдің бас жүлдесін еншілеп, Asia Rugby Sevens Series турнирінің 1-дивизионына жолдама алды.
© Photo : Пресс-служба Министерства туризма и спорта КазахстанаҚазақстан регбиден Азия чемпионатында топ жарды
Казахстан занял первое место на Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 по регби в Омане - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Қазақстан регбиден Азия чемпионатында топ жарды
Бұл алтын медаль регбиден Қазақстан құрамасын Азияның үздік командалары қатарына қайта қосты.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан мен Үндістан жоғары дивизионға көтерілсе, ал Өзбекстан мен Қытай Тайбэйі төменгі дивизионға түсіп қалды.
Дастан Сәтпаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
"Қайрат" кипрлік "Пафосқа" қарсы тең ойнады
Жаңалықтар
0