https://sputnik.kz/20251021/qayrat-kiprlik-pafosqa-qarsy-ten-oynady-58105031.html
"Қайрат" кипрлік "Пафосқа" қарсы тең ойнады
"Қайрат" кипрлік "Пафосқа" қарсы тең ойнады
Sputnik Қазақстан
6 қарашада "Қайрат" сырт алаңда италиялық "Интермен" ойнайды 21.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-21T23:52+0500
2025-10-21T23:52+0500
2025-10-21T23:54+0500
футбол
алматы
чемпионат
https://sputnik.kz/img/07e9/07/09/55491055_0:129:1036:712_1920x0_80_0_0_a121376b66fa1f89dc54c6c8aa937572.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының матчында кипрлік "Пафоспен" тең ойнады, деп хабарлайды Sports.kz.Орталық стадиондағы ойынға Англиядан келген Крис Кэванах бастаған судьялар бригадасы төрелік етті.Төртінші минутта Жоау Коррея Луиш Матаға қарсы ереже бұзып, алаңнан шығарылды.Алаң иелері бірнеше рет шабуыл жасағанмен, таймның ортасында қонақтар алға шығып, қақпашы Темірлан Анарбековке қақпадағы қырағылығын күшейтуіне тура келді. Үзілістен кейін шабуылшы Азамат Тұяқбаев қорғаушы Еркін Тапаловтың орнына шықты.Қауіпті сәттер көбейіп, Анарбеков допты қақпадан қайтарып отырды. Офри Арад айып алаңына кіріп, бағанаға соққы жасады. Екі команда да жеңіске барынша ұмтылғанмен, ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Осылайша қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында өзінің алғашқы ұпайына ие болды.6 қарашада "Қайрат" сырт алаңда италиялық "Интермен" ойнайды.
https://sputnik.kz/20251020/pafos-bapkeri-qayrat-pen-astana-komandalaryn-salystyrdy--58064520.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/09/55491055_0:76:1036:853_1920x0_80_0_0_565e272554b78d1cf116f9449721d5cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, алматы, чемпионат
футбол, алматы, чемпионат
"Қайрат" кипрлік "Пафосқа" қарсы тең ойнады
23:52 21.10.2025 (жаңартылды: 23:54 21.10.2025) 6 қарашада "Қайрат" сырт алаңда италиялық "Интермен" ойнайды
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының матчында кипрлік "Пафоспен" тең ойнады, деп хабарлайды
Sports.kz.
Орталық стадиондағы ойынға Англиядан келген Крис Кэванах бастаған судьялар бригадасы төрелік етті.
Төртінші минутта Жоау Коррея Луиш Матаға қарсы ереже бұзып, алаңнан шығарылды.
Алаң иелері бірнеше рет шабуыл жасағанмен, таймның ортасында қонақтар алға шығып, қақпашы Темірлан Анарбековке қақпадағы қырағылығын күшейтуіне тура келді. Үзілістен кейін шабуылшы Азамат Тұяқбаев қорғаушы Еркін Тапаловтың орнына шықты.
Қауіпті сәттер көбейіп, Анарбеков допты қақпадан қайтарып отырды. Офри Арад айып алаңына кіріп, бағанаға соққы жасады. Екі команда да жеңіске барынша ұмтылғанмен, ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Осылайша қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында өзінің алғашқы ұпайына ие болды.
6 қарашада "Қайрат" сырт алаңда италиялық "Интермен" ойнайды.