Маңғыстау облысында автокөлік түйені қағып кетті

© Photo : CC0 / Alexas_FotosВерблюд
Верблюд - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Жазылу
Түйе иесіне 11 796 теңге көлемінде айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының маңында автокөлік түйеге соғылды, деп хабарлайды Lada.kz.
Оқиға 26 қазан түнде болған.
"Lada Largus көлігі жолға шығып кеткен түйемен соқтығысқан. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері жануардың иесін анықтап, оны жауапқа тартты", - деп хабарлады полиция.
Түйе иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу" бойынша хаттама толтырылып, үш айлық есептік көрсеткіш немесе 11 796 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, 25 қазанға қараған түні "Rixos" қонақ үйінің маңында жол апаты болды. Мотоциклші кенеттен жолға шығып бара жатқан жылқыға соғылған. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды.
Ақтауда мотоциклші жылқыға соғылып қаза тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Ақтауда мотоциклші жылқыға соғылып қаза тапты
Жаңалықтар
0