Ақтауда мотоциклші жылқыға соғылып қаза тапты

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаАқтауда мотоциклші жылқыға соғылып қаза тапты
Ақтауда мотоциклші жылқыға соғылып қаза тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2025
Жазылу
Бұған дейін автомобилистер демалыс базаларына апаратын жолдардың қауіпсіздігіне қатысты мәселені талай рет көтерген
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Ақтауда 24 жастағы мотоциклші жылғыға соғылып қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға "Rixos" отелінің маңында болған. Мотоцикл тізгіндеген 24 жастағы жігіт кенеттен жолға атып шыққан жылқыға соғылған. Үй жануары сол жерде мерт болды, ал мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақаттардан көз жұмды.
"Оқиға орнына барған басқа мотоциклшілер жол апатына түскен көлік құралының панелін тауып алды. Соған қарағанда қайтыс болған ер адам алтыншы жылдамдықпен жүрген. Ал қозғалтқыштың айналымы 8 000 болған", - делінген хабарламада.
Бұған дейін автомобилистер демалыс базаларына апаратын жолдардың қауіпсіздігіне қатысты мәселені талай рет көтерген.
Атап айтқанда, жолдың бойында қоршау жоқ. Ал айналасында үй жануарлары емін-еркін жүреді. Арнайы белгілер де орнатылмаған. Соның салдарынан жол апаттары жиі болып тұрады.
Смертельное ДТП в Павлодарской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Павлодар облысында көлік жылқыны қағып кетті
Жаңалықтар
0