https://sputnik.kz/20251027/alatauda-algashqy-5g-bazalyq-stantsiyasy-iske-qosyldy-58233656.html
Алатауда алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды
Алатауда алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Жыл соңына дейін Алатау қаласындағы барлық мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады 27.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-27T18:40+0500
2025-10-27T18:40+0500
2025-10-27T18:40+0500
алматы облысы
интернет
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37763381_0:0:3148:1771_1920x0_80_0_0_ef7710326c2c7c378fe43cf841c79f53.jpg
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Алматы облысы Алатау қаласында "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының бесінші буын (5G) желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылды, деп хабарлайды Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.Министрлік өкілдері Алатау қаласы әкімдігі және байланыс операторларымен бірге "Заречный" және "Жетіген" шағын аудандарында, сондай-ақ "Алматы–Қонаев" автожолына барды. Негізгі назар тұрақты сигналды қамтамасыз етуге және қала маңы мен шалғай аумақтарда байланыс қолжетімділігін арттыруға бағытталды.Сапар қорытындысы бойынша Алатау қаласы әкімдігінде телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланған кеңес өтті. Кездесуде бесінші буын (5G) желілерін одан әрі енгізу, мемлекеттік мекемелер мен тұрғын үй массивтерін жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз ету және өңірдегі байланыс сапасын арттыру бағытындағы жоспарлар қаралды.Ведомствоның мәліметінше, жыл соңына дейін Алатау қаласындағы барлық мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.Жиын қорытындысы бойынша 2025–2027 жылдарға арналған Алатау қаласын сапалы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына қол қойылды. Құжатта байланыс желілерін кезең-кезеңімен жаңғырту, жаңа инфрақұрылым салу, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру нысандарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу шаралары көзделген.
https://sputnik.kz/20250813/qazaqstanda-starlink-internet-qyzmeti-resmi-turde-iske-qosyldy-56325815.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/11/37763381_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_6f03d4917b3492a242b02569e98bdedd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, интернет, мектеп
алматы облысы, интернет, мектеп
Алатауда алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды
Жыл соңына дейін Алатау қаласындағы барлық мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Алматы облысы Алатау қаласында "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының бесінші буын (5G) желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылды, деп хабарлайды Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Министрлік өкілдері Алатау қаласы әкімдігі және байланыс операторларымен бірге "Заречный" және "Жетіген" шағын аудандарында, сондай-ақ "Алматы–Қонаев" автожолына барды. Негізгі назар тұрақты сигналды қамтамасыз етуге және қала маңы мен шалғай аумақтарда байланыс қолжетімділігін арттыруға бағытталды.
"Сапар аясында "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының бесінші буын (5G) желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылды. Жаңа станция желінің өткізу қабілетін арттырып, пайдаланушыларға жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді", - дейді ведомство.
Сапар қорытындысы бойынша Алатау қаласы әкімдігінде телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланған кеңес өтті. Кездесуде бесінші буын (5G) желілерін одан әрі енгізу, мемлекеттік мекемелер мен тұрғын үй массивтерін жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз ету және өңірдегі байланыс сапасын арттыру бағытындағы жоспарлар қаралды.
Ведомствоның мәліметінше, жыл соңына дейін Алатау қаласындағы барлық мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.
Жиын қорытындысы бойынша 2025–2027 жылдарға арналған Алатау қаласын сапалы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына қол қойылды. Құжатта байланыс желілерін кезең-кезеңімен жаңғырту, жаңа инфрақұрылым салу, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру нысандарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу шаралары көзделген.