https://sputnik.kz/20251025/zhy-basynan-beri-zansyz-aynalymnan-500-ge-zhyq-qaru-men-70-ke-tarta-granata-tarkilendi-58196772.html
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 500-ге жуық қару мен 70-ке тарта граната тәркіленді
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 500-ге жуық қару мен 70-ке тарта граната тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды 25.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-25T13:29+0500
2025-10-25T13:29+0500
2025-10-25T13:33+0500
президент
ұлттық қауіпсіздік комитеті
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58196330_30:0:1251:687_1920x0_80_0_0_fcfc64f8dd23e627a2a56b3d414c9e45.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымды ұстанатын 83 адам сотталды.Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды.Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекетке 3,8 триллион теңге көлемінде залал келтірілмеді. Бюджетке 255 миллиард теңге өтелді. Коррупция фактісі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды.Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20250929/astanaqaragandy-tas-zholynda-sheteldik-qaru-zharaq-zhasyrylgan-qupiya-oryn-anyqtaldy-57461639.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/19/58196330_182:0:1098:687_1920x0_80_0_0_d240fef7ea83dbf35589b5244e94777a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қылмыс
президент, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қылмыс
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 500-ге жуық қару мен 70-ке тарта граната тәркіленді
13:29 25.10.2025 (жаңартылды: 13:33 25.10.2025) Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.
Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымды ұстанатын 83 адам сотталды.
Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды.
"Заңсыз айналымнан 453 қару, 64 граната, алты мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі тасымалдау арнасы жойылды. Жиырма тоннаға жуық есірткі заттары, соның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин мен 10 тонна прекурсор айналымнан алынды", - деп жазылған хабарламада.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекетке 3,8 триллион теңге көлемінде залал келтірілмеді. Бюджетке 255 миллиард теңге өтелді. Коррупция фактісі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды.
Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.