"Астана–Қарағанды" тас жолында шетелдік қару-жарақ жасырылған құпия орын анықталды

© Photo : Пресс-служба КНБ КазахстанаҚазақстан аумақтарынан ҰҚК тәркілеген қару-жарақ - архивтік фото
Қазақстан аумақтарынан ҰҚК тәркілеген қару-жарақ - архивтік фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Жазылу
Себебі, олар Қазақстан Республикасының қару-жарағы қатарында жоқ
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысы Аршалы ауданының прокуратурасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен қару-жарақ және түрлі калибрлі оқ-дәрілерді анықтап, тәркіледі, деп хабарлады бас прокуратура.
Қару-жарақ қамауда жазасын өтеуші тұлғамен өткізілген құпия әңгіме барысында белгілі болған. Сұхбат барысында сотталған адам атыс қаруы бар жасырын орын туралы ақпарат берген.
Аталған ақпаратты тексеру барысында "Астана–Қарағанды" тас жолында, Аршалы ауданының Шоптықөл елді мекенінің маңында атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.

"Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің ел аумағына шетелден әкелінген болуы мүмкін. Себебі, олар Қазақстан Республикасының қару-жарағы қатарында жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды.
Есірткі зертханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Ұлытау облысында 160 келіден астам есірткі тәркіленді
Жаңалықтар
0