Тоқаев: Бабалар өсиетін ұмытпай, тәуелсіздігімізді нығайта түсу – бәрімізге ортақ парыз

© Photo : АкордаҚазақстан президенті
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2025
Жазылу
Президент Қазақстан қоғамы келешегіне сеніммен қарайтын озық ойлы ұлт ретінде қалыптасып жатқанын баса айтты
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басқанын, тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапқанын айтты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды.
Содан бері еліміз қиын да күрделі жолдан өтті, дейді президнт.Қазақстан салиқалы әрі сындарлы сыртқы саясатының арқасында өзінің ұлттық мүддесіне адал, халықаралық абырой-беделі жоғары мемлекет ретінде қалыптасты.
"Дегенмен алдымызда бұдан да зор міндеттер тұр. Біз қазіргі алмағайып замандағы орасан сын-қатерлерге қарамастан, барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Саясаттағы, экономика мен әлеуметтік саладағы реформалар Отанымыздың өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруды көздейді", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Қазақстан қоғамы "Заң және тәртіп" қағидатын, "Таза Қазақстан" идеологиясын, отаншылдық пен тілеулестік, еңбекқорлық пен жауапкершілік, білімпаздық пен кәсібилік құндылықтарын қоғамда барынша орнықтырып, келешегіне сеніммен қарайтын озық ойлы ұлт ретінде қалыптасып жатқанын баса айтты.
"Әр буынның өз миссиясы бар. Осы орайда, бабалар өсиетін ұмытпай, қастерлі Тәуелсіздігімізді нығайта түсу, Қазақстанды дамыған, жасампаз әрі әділетті ел ету – бәрімізге ортақ парыз. Біз еселі еңбектің, өзара қолдаудың және ең бастысы, мызғымас бірліктің арқасында барлық жоспарымызды табысты жүзеге асырып, жаңа белестерді бағындыра беретінімізге сенімдімін. Еліміздің келешегі – әрқайсымыздың қолымызда. Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбіресін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс тілеймін!", - дед Тоқаев құттықтауында.
Монумент Астана-Байтерек, виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Мемлекеттілігімізге қатер төндіруге еш хақымыз жоқ – Тоқаев
Жаңалықтар
0