https://sputnik.kz/20251024/memlekettiligimizge-qater-tondiruge-esh-khaqymyz-zhoq--toqaev-58179064.html
Мемлекеттілігімізге қатер төндіруге еш хақымыз жоқ – Тоқаев
Мемлекеттілігімізге қатер төндіруге еш хақымыз жоқ – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы кейбір сарапшылар мен саясаткерсымақтардың ұшқары тұжырымдарына көзсіз еруге болмайтынын мәлімдеді 24.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-24T13:21+0500
2025-10-24T13:21+0500
2025-10-24T13:21+0500
қасым-жомарт тоқаев
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15207402_0:15:3591:2034_1920x0_80_0_0_8da013d8d88485048c823561dcae99ec.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан күшті президенттік билікке арқа сүйеген мемлекет болып қалуға тиіс. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оның пайымынша бұл қазіргідей алмағайып заманда еліміздің сенімді келешегіне кепіл болады.Президент таяуда халыққа арнаған жолдауында парламентті реформалау туралы мәлімдегенін еске салды.Ол биліктің барлық ұсынысы Қазақстанның эволюциялық дамуына қатысты азаматтарымыздың мүддесі мен сұранысына негізделгенін айтты.Конституцияға енгізілетін өзгертулер парламентке ғана қатысты емес, сондай-ақ президент, үкімет туралы бөлімдерді және саяси жүйенің басқа да қырларын қамтиды. Түзетулердің жалпы көлемін және 2022 жылғы конституциялық реформа аясында жүзеге асқан бастамаларды ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдауға барабар іс деуге болады.
https://sputnik.kz/20251024/toqaev-2019-zhyldan-beri-ekonomikamyz-16-payyzga-osti-58178678.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15207402_429:0:3160:2048_1920x0_80_0_0_a8808453dd6c95239e93db235e87f906.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан
қасым-жомарт тоқаев, қазақстан
Мемлекеттілігімізге қатер төндіруге еш хақымыз жоқ – Тоқаев
Мемлекет басшысы кейбір сарапшылар мен саясаткерсымақтардың ұшқары тұжырымдарына көзсіз еруге болмайтынын мәлімдеді
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан күшті президенттік билікке арқа сүйеген мемлекет болып қалуға тиіс. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оның пайымынша бұл қазіргідей алмағайып заманда еліміздің сенімді келешегіне кепіл болады.
"Өйткені парламенттік жүйе қауіпсіздік пен тәртіп, тұрақтылық пен даму тұрғысынан өз міндетін толық атқара алмай отыр. Кейбір сарапшылар мен саясаткерсымақтардың ұшқары тұжырымдарына көзсіз еріп, мемлекеттілігімізге қатер төндіруге еш хақымыз жоқ", - деп атап өтті Тоқаев.
Президент таяуда халыққа арнаған жолдауында парламентті реформалау туралы мәлімдегенін еске салды.
"Бұл бастаманы алдын ала жариялауымның өзі еліміздегі саяси үдерістердің ашық жүріп жатқанын көрсетеді. Биліктің заң шығарушы тармағын өзгерту соңғы жылдары жүзеге асырылған жан-жақты жаңғырудың қисынды жалғасы болмақ", - деді Тоқаев.
Ол биліктің барлық ұсынысы Қазақстанның эволюциялық дамуына қатысты азаматтарымыздың мүддесі мен сұранысына негізделгенін айтты.
"Ал еліміз алға жылжып, дамуы керек. Бұған еш күмән жоқ, болуы да мүмкін емес. Жоспарланған өзгерістер парламенттің құзыреті мен беделін күшейтеді", - деп толықтырды президент.
Конституцияға енгізілетін өзгертулер парламентке ғана қатысты емес, сондай-ақ президент, үкімет туралы бөлімдерді және саяси жүйенің басқа да қырларын қамтиды. Түзетулердің жалпы көлемін және 2022 жылғы конституциялық реформа аясында жүзеге асқан бастамаларды ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдауға барабар іс деуге болады.