Тоқаев Қазақстан экономикасы 2019 жылдан бері қанша пайызға өскенін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
Биыл бұл көрсеткіш шамамен 137 триллион теңге, яғни 291 миллиард доллар болады деп жоспарлануда
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан экономикасы 2019 жылдан бері 16 пайызға өсті. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент пандемия, алпауыт елдердің санкциялық текетіресі, қалыптасқан сауда жолдарының бұзылуы, түрлі қақтығыстар мен соғыстар әлем елдерінің дамуына орасан зор шығын келтіргенін атап өтті.
"Бұл жағдайлар Қазақстанға да салқынын тигізді. Дегенмен біз қажетті шараларды дер кезінде қабылдадық. Экономикамыздың әлеуетін сақтай отырып, оны тың серпінмен дамыта түстік", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша 2019 жылдан бері Қазақстан экономикасы 16 пайызға өсті, биыл осы көрсеткіш шамамен 137 триллион теңге, яғни 291 миллиард доллар болады деп жоспарлануда, бұдан да асуы мүмкін.
"Бұл Қазақстанның біздің аймақтағы ең үлкен экономика екенін көрсетеді. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 47 пайызға артып, 14 400 долларға жетті. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Қазақстанның алтын-валюта резервінің көлемі 58 миллиард долларға жетті. Жеті жылда сыртқы сауда айналымы 83 пайызға артып, бүгінде 142 миллиард доллар болды.
Еңбекақы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
Жұманғарин ең төменгі жалақы қашан көтерілетінін айтты
Жаңалықтар
0