Тоқаев бизнесті қолдау шаралары қабылданатынын мәлімдеді

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
Тоқаев жаппай құлдырауға ұшырамау үшін экономикалық реформаларды жалғастыру қажет екенін айтты
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта шағын және орта кәсіпті қолдау үшін басқа да шаралар қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақордаға Салық кодексіне қатысты көптеген өтініш келіп түскен.
"Мен премьер-министрге нақты тапсырма бердім. Үкімет арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіптердің тізімін бұрынғы қалпында қалдырды. Алдағы уақытта шағын және орта кәсіпті қолдау үшін басқа да шаралар қолданылады",-деді Тоқаев Республика күніне арналған жиында.
Президенттің айтуынша, бизнес салық реформасынан зардап шекпеуге тиіс.
"Дегенмен экономикалық реформаларды мүлде тоқтатуға болмайды, қаншалықты қиын болса да, оң өзгерістерді міндетті түрде жүзеге асыруымыз керек. Әйтпесе, бәріміз жаппай құлдырауға ұшырауымыз әбден мүмкін", - деп түйіндеді Тоқаев.
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Тоқаев Қазақстан экономикасы 2019 жылдан бері қанша пайызға өскенін айтты
Жаңалықтар
0