Президент парламентке депутаттарды тек партиялық тізіммен сайлау мәселесін түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
Бір палаталы парламентті тек партиялық тізім бойынша қалыптастыру партиялардың институционалдық негізін нығайтуға септігін тигізеді.
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламентке депутаттарды тек партиялық тізіммен сайлау мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биылғы Жолдауда президент бір палаталы парламентті пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақтау қажеттігін мәлімдеген болатын.

"Бір палаталы парламентті тек партиялық тізім бойынша қалыптастыру партиялардың институционалдық негізін нығайтуға септігін тигізеді. Сайлаушылармен жүйелі жұмыс істеуіне ықпал етеді. Яғни мемлекеттілігімізге пайда әкеледі. Бұл ешқандай кері кету немесе демократиялық қағидаттардан бас тарту емес. Ел қамын ойлап, саяси тұрғыдан салмақтап осындай ұйғарымға келдім",-деді Тоқаев Республика күніне арналған жиында.

Оның айтуынша, аймақтық деңгейде азаматтар билікпен тікелей әрі тұрақты қарым-қатынас жасайды. Сондықтан жергілікті мәслихаттар мен әкімдіктер белсенді жұмыс істеп, елдің мұң-мұқтажын шешуде маңызды рөл атқаратынын көрсетуге тиіс.
"Соңғы жылдары тікелей сайлау институтын айтарлықтай кеңейттік. Әуелі ауыл әкімдерін сайлауды енгіздік, кейін ол аудан, содан соң облыстық маңызы бар қала басшыларын сайлауға ұласты. Сол себепті Қазақстанда ай сайын түрлі электоралды науқан жүріп жатады. Бұл біздің өңірдегі бірегей саяси тәжірибе саналады",-деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Осы орайда ол дергілікті мәслихаттарды сайлауда мажоритарлық жүйені сақтау қажеттігін де жеткізді.
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Тоқаев Қазақстан экономикасы 2019 жылдан бері қанша пайызға өскенін айтты
Жаңалықтар
0