Ақтөбеде жасөспірімдерді кіргізген екі ойын-сауық мекемесі жабылды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуПосетители в компьютерном клубе, архивное фото
Посетители в компьютерном клубе, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
Бұл мекеме иелері бұған дейін де заң бұзушылыққа жол бергені үшін жауапкершілікке тартылған
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Ақтөбеде бір айда ата-анасының бақылауынсыз жүрген 300-ге жуық жасөспірім анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ақтөбелік полиция рейдтік іс-шараларды күшейтті.
"Ақтөбе қаласында кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден кейін заңды өкілінсіз келуге рұқсат берген екі ойын-сауық мекемесінің қызметі уақытша тоқтатылды. Бірінші жағдайда компьютерлік клубта 2010 жылы туған кәмелетке толмаған қыз заңды өкілінсіз жүрген. Тағы бір жағдайда 2008 жылы туған жасөспірімнің түнгі мезгілде лаундж-барда жүргені белгілі болды", - дейді ведомство.
Бұл мекеме иелері бұған дейін де осындай заң бұзушылыққа жол бергені үшін жауапкершілікке тартылған, әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып отыр.
"Жалпы "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері облыс бойынша заң бұзған 292 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олардың басым көпшілігі полиция бөліміне түнгі мезгілде көшеде заңсыз жүргені үшін жеткізілді. Ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жасөспірімдермен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - дейді полиция департаменті.
Рейд кезінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен 3, түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында заңсыз жүрген 12 жасөспірім анықталды.
Қару. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жамбыл облысында 13 жастағы жасөспірім абайсызда досын атып өлтірді
Жаңалықтар
0