Жамбыл облысында 13 жастағы жасөспірім абайсызда досын атып өлтірді

© Photo : ДВД АлматыҚару. Архивтегі фото
Қару. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
Абайсызда адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында 13 жастағы жасөспірім абайсызда досын атып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға Мойынқұм ауданынының Көшаман ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша 2012 жылы туған екі бала түнде аң аулауға шыққан.
Олардың бірі қоянды атып, жаралайды. Қашып кетуге тырысқан қоянды атпақшы болған екінші бала байқаусызда досын атып жібереді.
Оқыс оқиғаға қатысты Жамбыл облысының полициясы түсініктеме берді.
"Абайсызда адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді", - дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Сонымен қатар баланы тәрбиелеу және қадағалау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны, соның салдарынан жасөспірімдердің атыс қаруына қол жеткізіп, түнгі уақытта қараусыз жүргені үшін ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Алматыда әріптесін абайсызда атып өлтірген әскери қызметші сотталды
Жаңалықтар
0