https://sputnik.kz/20251024/aqtobede-iphone-17-utyp-algan-er-adam-15-mln-tengesinen-ayyryldy-58175633.html
iPhone 17 "ұтып" алған ер адам 1,5 млн теңгесінен айырылды
iPhone 17 "ұтып" алған ер адам 1,5 млн теңгесінен айырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысында алаяқтық жолмен ақша иеленген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 24.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-24T12:20+0500
2025-10-24T12:20+0500
2025-10-24T12:46+0500
телефон
ұтыс
алаяқтық
алаяқ
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/07/18346503_0:11:3079:1743_1920x0_80_0_0_b03beed9810f03c83f89387071e91fe4.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысында алаяқтық жолмен ақша иеленген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қазан айында Алға ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтардың құрбаны болғаны туралы арызданды.Жедел-тергеу шаралары барысында белгісіз тұлғалардың жәбірленушіні "iPhone 17 телефонын ұтып алдыңыз" деп сендіріп, алаяқтық жолмен оның ақшасын иемденгені анықталды.Күдіктілер бұл соманы "ұтыстың комиссиясы", "қатысушы жарнасы" және "қайтарылатын төлем" деп түсіндірген.Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрайды.Жас жігіттер өз кінәсін толық мойындады. Тергеп-тексеру барысында күдіктілер әлеуметтік желі арқылы бейтаныс ер адамның танымал блогердің парақшасында жарияланған ұтыс ойынына қатысып жатқанын көріп, оған "ұйымдастырушы" ретінде хабарласқаны анықталды.Ер адам ұтысты ақшалай алғысы келетінін айтқан соң, олар "ұтысты алу үшін" деген сылтаумен онлайн шот нөмірлерін жіберіп, 1,5 миллион теңгеге жуық қаражатын заңсыз иеленген. Алаяқтық жолмен алынған ақшаны күдіктілер өзара бөлісіп, жұмсаған.Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Полиция азмаматтарға бейтаныс адамдардың ұтыс немесе сыйлық туралы хабарламаларына сенуге, жеке деректерді бөгде адамдарға беруге және күмәнді сілтемелерге өтуге болмайтынын ескертті.
https://sputnik.kz/20251024/politsiya-alayaqtyqtyn-zhana-adisi-shyqqanyn-eskertti-58171289.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/07/18346503_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_842743d35c617727d163d1ca981c6bf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
телефон, ұтыс, алаяқтық, алаяқ, ақтөбе облысы
телефон, ұтыс, алаяқтық, алаяқ, ақтөбе облысы
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысында алаяқтық жолмен ақша иеленген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Қазан айында Алға ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтардың құрбаны болғаны туралы арызданды.
Жедел-тергеу шаралары барысында белгісіз тұлғалардың жәбірленушіні "iPhone 17 телефонын ұтып алдыңыз" деп сендіріп, алаяқтық жолмен оның ақшасын иемденгені анықталды.
"Ұтысқа сеніп қалған 49 жастағы ер адам бейтаныс жігіттердің нұсқауымен өз атына екі рет онлайн несие рәсімдеп, алынған ақшаны оларға аударған", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктілер бұл соманы "ұтыстың комиссиясы", "қатысушы жарнасы" және "қайтарылатын төлем" деп түсіндірген.
Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрайды.
"Полицейлер жүргізген кешенді жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ақтөбе қаласының 18 жастағы екі тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", - дейді полицейлер.
Жас жігіттер өз кінәсін толық мойындады. Тергеп-тексеру барысында күдіктілер әлеуметтік желі арқылы бейтаныс ер адамның танымал блогердің парақшасында жарияланған ұтыс ойынына қатысып жатқанын көріп, оған "ұйымдастырушы" ретінде хабарласқаны анықталды.
Ер адам ұтысты ақшалай алғысы келетінін айтқан соң, олар "ұтысты алу үшін" деген сылтаумен онлайн шот нөмірлерін жіберіп, 1,5 миллион теңгеге жуық қаражатын заңсыз иеленген. Алаяқтық жолмен алынған ақшаны күдіктілер өзара бөлісіп, жұмсаған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Полиция азмаматтарға бейтаныс адамдардың ұтыс немесе сыйлық туралы хабарламаларына сенуге, жеке деректерді бөгде адамдарға беруге және күмәнді сілтемелерге өтуге болмайтынын ескертті.