Полиция алаяқтықтың жаңа әдісі шыққанын ескертті

© Photo : Polisia.kzКиберпреступность, иллюстративное фото
Киберпреступность, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
Мәселені үш күн ішінде "шешу қажет" деген сылтаумен қысым көрсетеді
АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Полиция азаматтарды алаяқтықтың жаңа әдісінен сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырады.
"Олар "Сіз салық декларациясын уақытында тапсырмағансыз" деп сендіреді. Осылайша банк шоттарыңыз бұғатталуы мүмкін екенін айтып қорқытады. Мәселені үш күн ішінде "шешу қажет" деген сылтаумен қысым көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
"Жеке басыңызды растау керек" деп азаматтардан SMS арқылы келген кодты сұрайды. Осы кодты алған соң, алаяқтар банктік шоттарға қол жеткізіп, қаражатты заңсыз иемденеді.
Полиция мемлекеттік орган қызметкерлері мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайтынын және ешқашан SMS-кодтар мен растау деректерін сұрамайтынын еске салды.
"Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, банк картасының нөмірі мен паролін, жеке мәліметтерді бермеңіз. Егер күдік тудыратын қоңырау алсаңыз, әңгімені дереу тоқтатып, "102" нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз", - деп түйіндеді полиция.
Алаяқтық кредитті есептен қалай шығаруға болады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2025
Алаяқтық кредитті есептен қалай шығаруға болады
Жаңалықтар
0