Теміржолдағы жекеменшік жүк вагондары қозғалысты қиындатып тұр - ҚТЖ

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Теміржолдағы жекеменшік жүк вагондары қозғалысты қиындатып тұр
Теміржолдағы жекеменшік жүк вагондары қозғалысты қиындатып тұр   - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Жазылу
Компанияның мәліметінше, тоқтап тұрған жекеменшік вагондар тасымалдау процесіне кедергі келтіреді
АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Теміржол желісіндегі тоқтап тұрған жеке вагондар тасымалдау процесінің тиімділігін төмендетті, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда вагондардың жұмыс паркінің саны тәулігіне орта есеппен 95 мың бірлікке дейін өскен. Былтырғымен салыстырғанда, 6%-ке артық.
"Вагондардың артық саны станция жолдарында орын алуда, бұл станциялардың жұмысына теріс әсерін тигізіп, құрамдарды қабылдау мен жөнелтуді қиындатады. Тоқтап тұрған вагондар саны артқан. Салдарынан пойыздардың учаскелік қозғалыс жылдамдығы төмендеп, вагон айналымының ұлғаюына әкелуде", - дейді компания.
ҚТЖ вагондардың кідіруін азайтып, желінің өткізу қабілетін арттыру үшін жедел шаралар қабылдауға мәжбүр.
"Жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар, станцияларды уақтылы босатып, пойыздардың тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшін толыққанды шаралар қабылдауға шақырамыз", - деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Локомотив - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
ҚТЖ трансқазақстандық теміржол дәлізінің жобасына 605,5 млн доллар қарыз алады
Жаңалықтар
0