https://sputnik.kz/20250724/qtzh-transqazaqstandyq-temirzhol-dalizinin-zhobasyna-6055-mln-dollar-qaryz-alady-55899318.html
ҚТЖ трансқазақстандық теміржол дәлізінің жобасына 605,5 млн доллар қарыз алады
ҚТЖ трансқазақстандық теміржол дәлізінің жобасына 605,5 млн доллар қарыз алады
Sputnik Қазақстан
Кредит мерзімі – үш жыл 24.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-24T16:18+0500
2025-07-24T16:18+0500
2025-07-24T16:20+0500
қтж
қарыз
кредит
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39525770_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_35e20762f04e4b2ae488cb2f6ae8bdec.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" АҚ трансқазақстандық теміржол дәлізінің жобаларын іске асыру үшін синдикатталған қарыз алатыны туралы хабарлады.Синдикатталған кредит – бұл бірнеше (топ) кредит берушінің қарыз алушыға берген кредиті.Компания 480 миллион швейцариялық франкке немесе 326,2 миллиард теңгеге (605,5 миллион доллар) дейінгі келісімге қол қойды, мерзімі – үш жыл.Кредит мәселесі бойынша ҚТЖ Abu Dhabi Commercial Bank және Deutsche Bank-пен келісімге келді.Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту - Қазақстанның Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтуда стратегиялық маңызға ие.Дәліз салынса инфрақұрылымдық жобалар іске асып, жүкті жеткізу мерзімі қысқарады. Логистикалық шығындар азайып, өңірлерде жаңа жұмыс орындары құрылады. Сондай-ақ сыртқы сауда маршруттары әртараптандырылады.
https://sputnik.kz/20250718/syrdariya-arqyly-zharty-shaqyrymdyq-temirzhol-kopiri-salynady-55764039.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39525770_128:0:896:576_1920x0_80_0_0_ea09b68a3d901d47204be00b9dd9e506.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қтж, қарыз, кредит
ҚТЖ трансқазақстандық теміржол дәлізінің жобасына 605,5 млн доллар қарыз алады
16:18 24.07.2025 (жаңартылды: 16:20 24.07.2025) Кредит мерзімі – үш жыл
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" АҚ трансқазақстандық теміржол дәлізінің жобаларын іске асыру үшін синдикатталған қарыз алатыны туралы хабарлады.
Синдикатталған кредит – бұл бірнеше (топ) кредит берушінің қарыз алушыға берген кредиті.
Компания 480 миллион швейцариялық франкке немесе 326,2 миллиард теңгеге (605,5 миллион доллар) дейінгі келісімге қол қойды, мерзімі – үш жыл.
Кредит мәселесі бойынша ҚТЖ Abu Dhabi Commercial Bank және Deutsche Bank-пен келісімге келді.
"Синдикатталған қарыз қаражатына "Мойынты – Қызылжар" учаскесін салу, Трансқазақстандық теміржол дәлізінің негізгі жобаларын аванстау, теміржол желісінің шамадан тыс жүктелген учаскелерін жаңғырту, сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның бұрын тартылған міндеттемелерін қайта қаржыландыру жоспарланған", - деп хабарлады компания.
Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту - Қазақстанның Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтуда стратегиялық маңызға ие.
Дәліз салынса инфрақұрылымдық жобалар іске асып, жүкті жеткізу мерзімі қысқарады. Логистикалық шығындар азайып, өңірлерде жаңа жұмыс орындары құрылады. Сондай-ақ сыртқы сауда маршруттары әртараптандырылады.