https://sputnik.kz/20251023/sauda-ministrligi-respublika-kunine-oray-tauarlarga-auqymdy-zhenildik-zhariyalady-58143341.html
Сауда министрлігі Республика күніне орай тауарларға ауқымды жеңілдік жариялады
Сауда министрлігі Республика күніне орай тауарларға ауқымды жеңілдік жариялады
Sputnik Қазақстан
Тұрғындар тұрмыстық тауарларды жеңілдік бағамен сатып ала алады 23.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-23T11:28+0500
2025-10-23T11:28+0500
2025-10-23T11:28+0500
сауда
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1b/57428821_378:45:1280:552_1920x0_80_0_0_4f90b4d237bc43d7cbc9cb162c82f130.jpg
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі бүкіл ел бойынша "Republic Day" акциясын өткізетінін мәлімдеді.24-27 қазан аралығында қазақстандықтар тауарларды жеңілдікпен сатып ала алады. Республика күніне орайластырылған акция ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп атап өтті Сауда министрлігі.Мысалы, Астанада акцияға MEGA Silk Way және "Хан Шатыр" сияқты сауда орталықтары, сондай-ақ Magnum, Small және АНВАР супермаркеттері қатысады. Алматыда акцияға "Forum", "Mega Alma-Ata", Aport Mall East және басқа да сауда желілері қосылған.Жеңілдік жасалатын дүкендер мен базарлардың толық тізімін сілтеме арқылы көре аласыз.
https://sputnik.kz/20250204/elektrmobilderge-birqatar-zhenildik-beriledi-50530092.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1b/57428821_385:56:1259:712_1920x0_80_0_0_5bf5eab527d160e15306907bc9c25e86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда, министрлік
Сауда министрлігі Республика күніне орай тауарларға ауқымды жеңілдік жариялады
Тұрғындар тұрмыстық тауарларды жеңілдік бағамен сатып ала алады
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі бүкіл ел бойынша "Republic Day" акциясын өткізетінін мәлімдеді.
24-27 қазан аралығында қазақстандықтар тауарларды жеңілдікпен сатып ала алады. Республика күніне орайластырылған акция ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп атап өтті Сауда министрлігі.
"Қазақстандықтар азық-түлік емес тауарлардың кең ассортиментін 10-нан 70% - ке дейін жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға бүкіл ел бойынша 220–дан астам сауда нысандары, сауда - ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, желілік дүкендер мен маркетплейстер тартылды", - деп қуантты сауда министрлігі.
Мысалы, Астанада акцияға MEGA Silk Way және "Хан Шатыр" сияқты сауда орталықтары, сондай-ақ Magnum, Small және АНВАР супермаркеттері қатысады. Алматыда акцияға "Forum", "Mega Alma-Ata", Aport Mall East және басқа да сауда желілері қосылған.
"Жеңілдіктер негізінен азық-түлікке жатпайтын тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үй тауарлары және басқа да күнделікті санаттарға беріледі. Акция офлайн-алаңдарды да, онлайн-сауданы да қамтиды", - деп атап өтті ведомствода.
Жеңілдік жасалатын дүкендер мен базарлардың толық тізімін
сілтеме арқылы көре аласыз.