Электромобильдерге бірқатар жеңілдік беріледі

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТүркияның TOGG электромобилі
Түркияның TOGG электромобилі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Автономды, яғни жүргізушісі жоқ автомобильдерге арналған зерттеулер жүргізіледі
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев электромобильдерді қолдау және ұшқышсыз технологияларды енгізу бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бағдарлама аясында электр қозғалтқышы бар машиналар үшін инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ оларды сатып алуға ынталандыру шаралары атқарылады. Мысалы, автотұраққа жеңілдіктер жасау және қоғамдық көлік жолағын пайдалануға рұқсат беру сияқты жеңілдіктер бар. Бұдан бөлек, автономды, яғни жүргізушісі жоқ автомобильдерге арналған зерттеулер жүргізіледі.
"Мысалы, Біріккен Араб Әмірліктерінде WeRide және Cruise компанияларына Дубайда пилотсыз таксилерді сынауға мүмкіндік берді, бұл көлікті жергілікті цифрландыруды жеделдетті. Сондай-ақ, бұл пилотсыз технологиялар саласындағы жергілікті стартаптардың дамуына ықпал етеді", — деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.
Пилотсыз көліктерді шығару үшін заңнаманы реттеу керек. Ал пилоттық жобаны іске қосу үшін тест алаңдары және Waymo (Google), Tesla, Baidu, Mobileye, Yandex, Huawei халықаралық серіктестерімен бірлесіп технологиялар таңдалады.
Эрдоган подарил Токаеву турецкий электрокар
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады
Жаңалықтар
0