Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҚарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды
Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан  салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Жазылу
Үкімет аймақ медицинасын жаңғыртуға арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлді
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды, деп хабарлады Үкімет.
Медициналық пункттер мен амбулаторияларды салуға арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 миллиард теңге бөлінді.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҚарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды
Новые медицинские объекты в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды
"Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Нысандарды медициналық ұйымдардың балансына беру, сондай - ақ заманауи жабдықтарды жеткізу үшін қажетті құжаттаманы ресімдеу жүргізілуде", - деп хабарлады Үкімет.
Ауыл тұрғындары медициналық көмекті жедел әрі жергілікті жерде алуға мүмкіндік туғанына қуанышты.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҚарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды
Новые медицинские объекты в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды
"Заманауи медициналық пункттің біз үшін үлкен қуаныш. Бұрын аудан орталығына баруға тура келетін. Ал қазір барлығы жанымызда", - дейді Қарой ауылының тұрғыны Күлкен Мұхамеджанова.
Нұра ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен барлығы 10 нысан – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және бір дәрігерлік амбулатория салынды.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаНовые медицинские объекты в Карагандинской области
Новые медицинские объекты в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Новые медицинские объекты в Карагандинской области
Бұқар жырау ауданында да қайтарылған активтер есебінен 13 заманауи медициналық нысан салынды.
Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен өңірде сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаҚарағанды облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр
Модернизация коммунальной инфраструктуры в Карагандинской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Қарағанды облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ірі су құбырлары мен елді мекендер ішіндегі су құбыры желілерінің құрылысы басты назарда тұр. Желілер пайдалануға берілгеннен кейін 400 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
вода, водоснабжение - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
Қайтарылған активтер: Батыс Қазақстандағы ауылдарды сумен жабдықтауға қаражат бөлінді
Жаңалықтар
0