"Болашақ ойындарын" өткізу бойынша Ресей Қазақстанмен өз тәжірибесін бөлісті

© Photo : Правительство Российской ФедерацииҚазақстан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Ресей вице-премьері Дмитрий Чернышенконың кездесуі
Қазақстан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Ресей вице-премьері Дмитрий Чернышенконың кездесуі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Жазылу
Қазақстан туризм және спорт министрі Мәскеуде Ресей Федерациясының вице-премьерімен кездесті
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Қазақстан 5-7 қараша аралығында Самарада өтетін "Ресей – спорт державасы" халықаралық спорт форумына қатысуға шақырту алды.
Ресей вице-премьері Дмитрий Чернышенко Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен жұмыс кездесуінде осындай ұсыныс айтты. Бұған жауап ретінде қазақстандық министр форум іс-шараларына қатысуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ кездесу барысында өзара туризм мен спортты дамыту мәселелері көтерілді.
© Photo : Правительство Российской ФедерацииҚазақстан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Ресей вице-премьері Дмитрий Чернышенконың кездесуі
Встреча министра туризма и спорта Казахстана Ербола Мырзабосынова и вице-премьера России Дмитрия Чернышенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Қазақстан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Ресей вице-премьері Дмитрий Чернышенконың кездесуі
Астанада 2026 жылғы ойындарды өткізуге дайындық жұмыстары да қозғалды. Чернышенконың айтуынша, болашақ ойындары – бұл Ресейде алғаш рет 2024 жылы Владимир Путиннің бастамасымен өткен физикалық және цифрлық спорттық айтулы оқиға. Ойындардың ашылу салтанатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда да осындай турнир өткізуді ұсынған, деп еске салды вице-премьер.
"Біз қазіргі заманғы спорт түрлерін дамытуды шын жүректен қолдаймыз. Қазақстаннан келген әріптестерімізге бірлескен жұмысы және "Болашақ – 2026" ойындарын өткізуге көңіл бөлгені үшін алғыс айтамыз. Өз тарапымыздан осы ауқымды оқиғаны ұйымдастыруда көмек көрсетуге және тәжірибемен бөлісуге дайын. Қазақстанда ойындар үлкен табысқа жететініне сенімдімін", - деді Дмитрий Чернышенко.
© Photo : Правительство Российской ФедерацииҚазақстан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Ресей вице-премьері Дмитрий Чернышенконың кездесуі
Встреча министра туризма и спорта Казахстана Ербола Мырзабосынова и вице-премьера России Дмитрия Чернышенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Қазақстан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Ресей вице-премьері Дмитрий Чернышенконың кездесуі
Ербол Мырзабосынов Қазақстанның болашақ ойындарына қалай дайындалып жатқанын айтты.
"Өткен кездесуден кейін ел басшылығын хабардар еттік. Бюджеттен қаражат бөлеміз. Демеушілермен келіссөздер жүргізілді", - деді Мырзабосынов.
Сонымен қатар тараптар туризм бағытында Ресей үкіметінің үйлестіру орталығының жұмысы бойынша тәжірибе алмасты.
Касым-Жомарт Токаев посетил церемонию открытия Игр будущего
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2024
2026 жылғы "Болашақ ойындары" Қазақстанда өтеді
Жаңалықтар
0