2026 жылғы "Болашақ ойындары" Қазақстанда өтеді

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев посетил церемонию открытия "Игр будущего"
Касым-Жомарт Токаев посетил церемонию открытия Игр будущего
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2024
Жазылу
21 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қазан және Сочиде алғашқы болашақ ойындары өтті, оған 107 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысты
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Үшінші Болашақ ойындары 2026 жылы Қазақстанда өтеді, деп хабарлады жарыстың ресми сайты.
"Біз Қазақстанның 2026 жылғы Болашақ ойындарын өткізетінін қуана хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Бірінші ойындарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Болашақ ойындарын 2025 жылы Қазақстанда өткізу туралы ұсынысы қолдау тапқан болатын.
Алайда сәуірде Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі президент елдегі ауқымды су тасқынынан кейін бюджетті үнемдеу үшін жарысты 2026 жылға ауыстыру туралы тапсырма бергенін жариялады.
"2026 жылы Қазақстан өзінің бірегей мәдени мұрасы мен инновацияға деген ұмтылысын көрсете отырып, бұл мерекеде маңызды рөл атқарады", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Болашақ ойындары – классикалық спорт пен киберспортты немесе VR/AR технологиясын біріктіретін фиджитал (physical+digital) концепциясындағы инновациялық халықаралық жарыстар.
Келесі жылы ойындарды БАӘ қабылдайды.
Жаңалықтар
0