https://sputnik.kz/20251023/balabaqsha-balalardy-enbekke-baulidy---zhana-pilottyq-zhobasy-iske-qosyldy-58135637.html
Балабақша балаларды еңбекке баулиды - жаңа пилоттық жоба іске қосылды
Балабақша балаларды еңбекке баулиды - жаңа пилоттық жоба іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды 23.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-23T09:16+0500
2025-10-23T09:16+0500
2025-10-23T09:16+0500
балабақша
еңбек
жоба
https://sputnik.kz/img/07e9/04/05/52223807_0:0:1081:608_1920x0_80_0_0_67f6521a7802825d2dc298b921cb683a.jpg
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Балабақшаларда "Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу" пилоттық жобасы іске қосылып жатыр.Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында қолға алынған жоба. Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды.Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленген. Балалар күнделікті ойын және тәжірибелік іс-әрекет арқылы түрлі кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді."Нәтижесінде балалардың еңбекке деген қызығушылығы артып, ұжымдық жұмыс пен еңбек ету қабілеті дамиды. Бұдан басқа, болашақ кәсіби бағдардың алғашқы қадамы жасалады", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20250812/bilim-salasyndagy-vaucher-qazaqstan-qansha-qarazhat-unemdedi-56315178.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/05/52223807_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_c916177e6168d1fae0f8959f829024e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, еңбек, жоба
Балабақша балаларды еңбекке баулиды - жаңа пилоттық жоба іске қосылды
Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Балабақшаларда "Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу" пилоттық жобасы іске қосылып жатыр.
Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында қолға алынған жоба. Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды.
"Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету", - дейді оқу ағарту министрлігі.
Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленген. Балалар күнделікті ойын және тәжірибелік іс-әрекет арқылы түрлі кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.
"Нәтижесінде балалардың еңбекке деген қызығушылығы артып, ұжымдық жұмыс пен еңбек ету қабілеті дамиды. Бұдан басқа, болашақ кәсіби бағдардың алғашқы қадамы жасалады", - делінген хабарламада.