https://sputnik.kz/20250812/bilim-salasyndagy-vaucher-qazaqstan-qansha-qarazhat-unemdedi-56315178.html
Білім саласындағы ваучер: Қазақстан қанша қаражат үнемдеді
Білім саласындағы ваучер: Қазақстан қанша қаражат үнемдеді
Sputnik Қазақстан
Бүгінде жоба еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында жұмыс істейді 12.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-12T12:30+0500
2025-08-12T12:30+0500
2025-08-12T12:30+0500
балабақша
оқу-ағарту министрлігі
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 12 тамыз - Sputnik. Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие саласында ваучерлік қаржыландыруды енгізудің арқасында 7 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаев айтты.2024 жылдан бастап Қазақстанда Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.Пилоттық жоба барысында 461 мың ваучер берілді, балабақшаларға кезек 93 мың орынға қысқарды.Ол жаңа оқу жылынан бастап балаларды "Тілге бойлау" мемлекеттік тілді оқыту және бұрын еліміздің 5 өңірінде сынақтан өткен "Беске дейін үлгер" жобаларын масштабтау басталатынын айтты.Осы уақыт ішінде 135 балабақшада 7 мыңнан астам бала мемлекеттік тілді меңгеріп, 37 мыңнан астам ата-ана консультациялық көмек алды.Қазір бейінді ведомстволармен бірлесіп жеті негізгі бағытты қамтитын "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасының жобасы дайындалып жатыр. Ол бала құқықтарын кешенді қорғау жөніндегі негізгі құжатқа айналады.Сондай-ақ 100 адамнан асатын барлық білім беру ұйымдары қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталуға тиіс.Министр әкімдіктерді жабдықтарды орнатуды жеделдетуге және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге шақырды. Ол бүгінде білім беру ұйымдарының 98%-інде тур турникет орнатылғанын, 97%-і лицензияланған күзетпен шарт жасағанын, 96%-і дабыл түймелерімен жабдықталғанын, ал 81%-і полиция басқармасының жедел орталықтарына қосылғанын айтты.
https://sputnik.kz/20250206/mangystau-oblysynda-balabaqsha-direktory-sottaldy-50572267.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, оқу-ағарту министрлігі
балабақша, оқу-ағарту министрлігі
Білім саласындағы ваучер: Қазақстан қанша қаражат үнемдеді
Бүгінде жоба еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында жұмыс істейді
АСТАНА, 12 тамыз - Sputnik. Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбие саласында ваучерлік қаржыландыруды енгізудің арқасында 7 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаев айтты.
2024 жылдан бастап Қазақстанда Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.
"Бұл механизм қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, сондай-ақ осы салада ашықтықты қамтамасыз етеді. Бүгінде жоба еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында жұмыс істейді", - деді ол.
Пилоттық жоба барысында 461 мың ваучер берілді, балабақшаларға кезек 93 мың орынға қысқарды.
"Нәтижесінде 7,7 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұл тәжірибені қыркүйектен бастап осы жылдың соңына дейін барлық балабақшаларға кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда", - деді министр.
Ол жаңа оқу жылынан бастап балаларды "Тілге бойлау" мемлекеттік тілді оқыту және бұрын еліміздің 5 өңірінде сынақтан өткен "Беске дейін үлгер" жобаларын масштабтау басталатынын айтты.
Осы уақыт ішінде 135 балабақшада 7 мыңнан астам бала мемлекеттік тілді меңгеріп, 37 мыңнан астам ата-ана консультациялық көмек алды.
"Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі – балаларды ерте жастан бастап еңбекке баулу. Осы мақсатта қыркүйек айынан бастап пилоттық режимде 100 балабақшада 12 мың баланы қамтитын жаңа жоба іске қосылады", - деді министр.
Қазір бейінді ведомстволармен бірлесіп жеті негізгі бағытты қамтитын "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасының жобасы дайындалып жатыр. Ол бала құқықтарын кешенді қорғау жөніндегі негізгі құжатқа айналады.
Сондай-ақ 100 адамнан асатын барлық білім беру ұйымдары қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталуға тиіс.
Министр әкімдіктерді жабдықтарды орнатуды жеделдетуге және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге шақырды. Ол бүгінде білім беру ұйымдарының 98%-інде тур турникет орнатылғанын, 97%-і лицензияланған күзетпен шарт жасағанын, 96%-і дабыл түймелерімен жабдықталғанын, ал 81%-і полиция басқармасының жедел орталықтарына қосылғанын айтты.