https://sputnik.kz/20251022/qaryzga-omir-surudi-qashan-qoyamyz-deputat-ukimetke-shuylikti-58114870.html
"Қарызға өмір сүруді қашан қоямыз?": депутат үкіметке шүйлікті
"Қарызға өмір сүруді қашан қоямыз?": депутат үкіметке шүйлікті
Sputnik Қазақстан
Бүгінде мемлекеттік қарыздың көлемі 33,5 трлн теңгені құрайды 22.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-22T11:41+0500
2025-10-22T11:41+0500
2025-10-22T11:41+0500
қарыз
мемлекеттік қарыз
сыртқы қарыз
депутат
мәжіліс депутаты
https://sputnik.kz/img/1195/58/11955804_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_4bf2927addd4c91bc577470332ff91a5.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары үкіметтің қарызға ақшаны көп алып жатқанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Олжас Нұралдиновтың айтуынша, үкімет ескі қарызын жабу үшін жаңа қарыз жиі ала бастаған.Қаржы министрі Мәди Такиевтің мәліметіне сәйкес, бүгінде мемлекеттік қарыздың көлемі 33,5 трлн теңгені құрайды."Бұл ішкі жалпы өнімге шаққанда 22,2 процент. Ал бекітілген лимит – 32 процент. Мемлекеттік қарыздың басым бөлігі, яғни, 76 проценті – ішкі нарықтан алынған қарыздар. Біз оны бюджет тапшылығын жабу үшін аламыз. Қалған 24 проценті сырттан алынады", - деп атап өтті Такиев.Үкімет бюджет тапшылығын азайтуды жоспарлап отыр. Сол кезде қарыздың көлемі де төмендейді.
https://sputnik.kz/20241003/khalyqtyn-qaryz-zhuktemesin-azaytu-qazhet--toqaev-47517184.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1195/58/11955804_0:0:1280:961_1920x0_80_0_0_3227f9b96aa94ac51727b4b468c852be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарыз, мемлекеттік қарыз, сыртқы қарыз, депутат, мәжіліс депутаты
қарыз, мемлекеттік қарыз, сыртқы қарыз, депутат, мәжіліс депутаты
"Қарызға өмір сүруді қашан қоямыз?": депутат үкіметке шүйлікті
Бүгінде мемлекеттік қарыздың көлемі 33,5 трлн теңгені құрайды
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары үкіметтің қарызға ақшаны көп алып жатқанына наразылық білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Олжас Нұралдиновтың айтуынша, үкімет ескі қарызын жабу үшін жаңа қарыз жиі ала бастаған.
"Алдағы үш жылда тағы 24 трлн теңге тарту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 2028 жылға қарай мемлекеттік қарыздың көлемі екі есеге өсіп, 57 трлн-ға жетуі мүмкін. Бұл дегеніміз, осы қарызды жабуға кететін шығын білім, қорғаныс пен инфрақұрылымға кететін ақшадан да асып кетеді деген сөз. Неге үкімет ескі қарызын жаңа қарызбен жауып жатыр? Қарызға өмір сүруді қашан қоямыз?", - деді Нұралдинов.
Қаржы министрі Мәди Такиевтің мәліметіне сәйкес, бүгінде мемлекеттік қарыздың көлемі 33,5 трлн теңгені құрайды.
"Бұл ішкі жалпы өнімге шаққанда 22,2 процент. Ал бекітілген лимит – 32 процент. Мемлекеттік қарыздың басым бөлігі, яғни, 76 проценті – ішкі нарықтан алынған қарыздар. Біз оны бюджет тапшылығын жабу үшін аламыз. Қалған 24 проценті сырттан алынады", - деп атап өтті Такиев.
Үкімет бюджет тапшылығын азайтуды жоспарлап отыр. Сол кезде қарыздың көлемі де төмендейді.