https://sputnik.kz/20241003/khalyqtyn-qaryz-zhuktemesin-azaytu-qazhet--toqaev-47517184.html
Халықтың қарыз жүктемесін азайту қажет – Тоқаев
Халықтың қарыз жүктемесін азайту қажет – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент мемлекет тарапынан кімге қолдау жасалатынын айтты 03.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-03T13:33+0500
2024-10-03T13:33+0500
2024-10-03T13:33+0500
қарыз
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/03/47515730_0:59:1280:779_1920x0_80_0_0_c19d9c1343c356b3abf68b7391ca6233.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет "адал еңбек – адал табыс" қағидасына сай қолдау көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін президент мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысып, мемлекет тарапынан кімге қолдау жасалатынын ерекше атап өтті."Мемлекет адал еңбегімен тұрмысын жақсартуға дайын жандарға әрқашан қолдау көрсетеді. Бұл "Адал еңбек – Адал табыс" қағидасына толық сәйкес келеді және Әділетті Қазақстан құрудың негізгі факторларының бірі. Сондықтан келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияладым. Осы арқылы қоғамда еңбек құндылығы мен кәсіби біліктіліктің орнығуына ықпал етеміз деп сенемін", - деді Тоқаев.Осы орайда президент үкімет тарапынан айрықша назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерге де тоқталды. Олар:Бұған дейін үкіметке "Қарызсыз қоғам" және "Ауыл аманаты" сияқты жобалардың ауқымын кеңейтуге тапсырма берілген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/03/47515730_82:0:1198:837_1920x0_80_0_0_fb8db25be88277753763c5f644b812a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарыз, қасым-жомарт тоқаев
қарыз, қасым-жомарт тоқаев
Халықтың қарыз жүктемесін азайту қажет – Тоқаев
Президент мемлекет тарапынан кімге қолдау жасалатынын айтты
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет "адал еңбек – адал табыс" қағидасына сай қолдау көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін президент мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысып, мемлекет тарапынан кімге қолдау жасалатынын ерекше атап өтті.
"Мемлекет адал еңбегімен тұрмысын жақсартуға дайын жандарға әрқашан қолдау көрсетеді. Бұл "Адал еңбек – Адал табыс" қағидасына толық сәйкес келеді және Әділетті Қазақстан құрудың негізгі факторларының бірі. Сондықтан келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияладым. Осы арқылы қоғамда еңбек құндылығы мен кәсіби біліктіліктің орнығуына ықпал етеміз деп сенемін", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент үкімет тарапынан айрықша назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерге де тоқталды. Олар:
жастарға, әйелдерге, кәсіпкерлерге, зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету;
халықтың қарыз жүктемесін азайту;
ауыл тұрғындарының кірісін арттыру;
пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару;
экологиялық, қаржылық сауаттылықты жетілдіру;
қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру.
Бұған дейін үкіметке "Қарызсыз қоғам" және "Ауыл аманаты" сияқты жобалардың ауқымын кеңейтуге тапсырма берілген.