Оқушы 71 жастағы көршісінен босанды: балалар омбудсмені тың ақпарат жариялады

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысы Келес ауданында 71 жастағы көршісінен босанған 15 жастағы қызға қатысты тың ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Зәкиеваның айтуынша, оқушының босану фактісі бойынша ішкі істер министрлігімен және облыс прокуратурасымен бірге жұмыс істеліп жатыр.
"Қыз қаңтарда босанған. Алайда анасынан іс жүзінде өтініш қазан айында келді. Қыз Астана қаласында босанған, сол кезде аурухана қала полициясына хабарлаған", - дейді Зәкиева.
Астана қаласының полиция департаменті бұл фактіні тіркеп, Түркістан облысына тапсырған.
"Алайда Келес ауданының полиция бөлімі оны номенклатуралық іс ретінде есептен шығарған. Бұл факті бойынша ішкі істер министрлігі мен облыс прокуратурасы тексерісті бастады. Аймақтық комиссар жергілікті жерде жұмыс істеп жатыр", - дейді балалар омбудсмені.
Еске сала кетейік, Түркістан облысы Келес ауданында 15 жастағы оқушы қаңтар айында босанғаны белгілі болды. Баланың әкесі 71 жастағы туысқан атасы болып шықты. Күдікті қамауға алынды.
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болған
Жаңалықтар
0