Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болған

© Sputnik / Табылды КадырбековМужчина держит девочку за плечо, архивное фото
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
Жазылу
Күдікті зейнеткер көрші тұрған
АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Түркістан облысы Келес ауданында 15 жастағы жасөспірім туысқан атасынан жүкті болған, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Күдікті зейнеткердің жасы 71-де. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, қаршадай қызға қорлық көрсетті деген өзге емес, өз ағайын атасы. Жасөспірімнің жүкті екенін ата-анасы жеті айында бір-ақ білген.
Қыз биыл ақпан айында босанған. Ал күдікті зейнеткер көрші тұрған. Полиция күдіктіні қамауға алды.
"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесімен тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - дейді облыстық полиция департаменті.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 17 жылға сотталды
Жаңалықтар
0