https://sputnik.kz/20251022/norvegiya-ukrainaga-150-million-dollarga-zhuyq-qarazhat-boldi-58129806.html
Норвегия Украинаға 150 миллион долларға жуық қаражат бөлді
Норвегия Украинаға 150 миллион долларға жуық қаражат бөлді
Sputnik Қазақстан
Бұл қаражат Еуропалық Одақтың Украинаға инвестиция салу бағдарламасы арқылы аударылады 22.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-22T22:17+0500
2025-10-22T22:17+0500
2025-10-22T22:17+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4d5b59289f7752dc16b590a3ef261b34.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Норвегия үкіметі Украинаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға 150 миллион долларға жуық қаражат бөліп жатыр, деп хабарлады премьер-министр Йонас Гар Сторе кеңсесі.Жарияланымда жазылғандай, бұл қаражат Еуропалық Одақтың Украинаға инвестиция салу бағдарламасы арқылы аударылады.Бұған дейін Норвегия үкіметі 2026 жылы 85 миллиард Норвегия кроны (8,4 миллиард доллар – Sputnik) көлеміндегі Украинаға қолдау көрсетудің рекордтық деңгейін сақтауды ұсынған болатын. Он бес миллиард (1,4 миллиард доллар) азаматтық көмек және 70 миллиард (6,9 миллиард доллар) әскери көмек ретінде беріледі.Бұған қоса, Осло НАТО елдерінен Украинаға жаңа бірлескен әскери көмек пакеті үшін тағы 2 миллиард крон немесе шамамен 200 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250801/pentagon-ukrainaga-patriot-keshenin-tekhnikalyq-qoldauga-aqsha-boldi-56089037.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50475018_337:0:1777:1080_1920x0_80_0_0_c32b5be04041254fd5bd0a974adca309.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Норвегия Украинаға 150 миллион долларға жуық қаражат бөлді
Бұл қаражат Еуропалық Одақтың Украинаға инвестиция салу бағдарламасы арқылы аударылады
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Норвегия үкіметі Украинаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға 150 миллион долларға жуық қаражат бөліп жатыр, деп
хабарлады премьер-министр Йонас Гар Сторе кеңсесі.
"Норвегия Украинаны жылу мен электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету үшін қосымша 1,5 миллиард крон (149 миллион доллар – Sputnik) бөліп отыр", - делінген Норвегия үкіметінің сайтындағы баспасөз хабарламасында.
Жарияланымда жазылғандай, бұл қаражат Еуропалық Одақтың Украинаға инвестиция салу бағдарламасы арқылы аударылады.
Бұған дейін Норвегия үкіметі 2026 жылы 85 миллиард Норвегия кроны (8,4 миллиард доллар – Sputnik) көлеміндегі Украинаға қолдау көрсетудің рекордтық деңгейін сақтауды ұсынған болатын. Он бес миллиард (1,4 миллиард доллар) азаматтық көмек және 70 миллиард (6,9 миллиард доллар) әскери көмек ретінде беріледі.
Бұған қоса, Осло НАТО елдерінен Украинаға жаңа бірлескен әскери көмек пакеті үшін тағы 2 миллиард крон немесе шамамен 200 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.