https://sputnik.kz/20250801/pentagon-ukrainaga-patriot-keshenin-tekhnikalyq-qoldauga-aqsha-boldi-56089037.html
Пентагон Украинаға Patriot кешенін техникалық қолдауға ақша бөлді
Пентагон Украинаға Patriot кешенін техникалық қолдауға ақша бөлді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Пентагон 2023 жылдың ақпанынан бастап Украинаға берілген Patriot зениттік зымыран кешендерін техникалық қолдауға 51,6 миллион доллар... 01.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-01T09:31+0500
2025-08-01T09:31+0500
2025-08-01T09:32+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39933689_0:6:3067:1731_1920x0_80_0_0_ef4919c92f3dcf1da3657e6f9007bbe5.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Пентагон 2023 жылдың ақпанынан бастап Украинаға берілген Patriot зениттік зымыран кешендерін техникалық қолдауға 51,6 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды РИА Новости.USAspending.gov порталының мәліметінше Patriot кешендерінің жалғыз өндірушісі – Raytheon Technologies (RTX) компаниясымен тиісті келісімге қол қойылған.Сонымен қатар келісімшарт (нөмірі W31P4Q-23-C-0022) тендерсіз жасалды.Құжат Украина әскерилеріне кешендерді пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ логистикалық қолдау бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетуді көздейді.Қызметтер USAI (Ukraine Security Assistance Initiative) Украинаға көмек көрсету бағдарламасы аясында қаржыландырылады. Сонымен қатар RTX Польшада орналасқан анықтама қызметі телефоны арқылы қашықтан қолдау көрсетеді.Келісімшарт тағы үш жылға ұзарту мүмкіндігімен 12 айға есептелген.Қақтығыс басталғаннан бері АҚШ Украинаға үш Patriot батареясын жеткізді. Олардың барлығы бұрынғы президент Джо Байденнің тұсында берілді.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39933689_104:0:2833:2047_1920x0_80_0_0_bb30655d1629d2c9d2f924b10653cf02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Пентагон Украинаға Patriot кешенін техникалық қолдауға ақша бөлді
09:31 01.08.2025 (жаңартылды: 09:32 01.08.2025) АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Пентагон 2023 жылдың ақпанынан бастап Украинаға берілген Patriot зениттік зымыран кешендерін техникалық қолдауға 51,6 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды
РИА Новости. USAspending.gov порталының мәліметінше Patriot кешендерінің жалғыз өндірушісі – Raytheon Technologies (RTX) компаниясымен тиісті келісімге қол қойылған.
Сонымен қатар келісімшарт (нөмірі W31P4Q-23-C-0022) тендерсіз жасалды.
Құжат Украина әскерилеріне кешендерді пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ логистикалық қолдау бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетуді көздейді.
Қызметтер USAI (Ukraine Security Assistance Initiative) Украинаға көмек көрсету бағдарламасы аясында қаржыландырылады. Сонымен қатар RTX Польшада орналасқан анықтама қызметі телефоны арқылы қашықтан қолдау көрсетеді.
Келісімшарт тағы үш жылға ұзарту мүмкіндігімен 12 айға есептелген.
Қақтығыс басталғаннан бері АҚШ Украинаға үш Patriot батареясын жеткізді. Олардың барлығы бұрынғы президент Джо Байденнің тұсында берілді.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.