Саясаткерлер бейнеленген фейк-видеоларды таратқандар жазалануы мүмкін

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2025
Жазылу
Видеороликтердің авторлары ғана емес, оларды тарататындар да жауапқа тартылады
АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. Қазақстандықтар жасанды интеллект арқылы дайындалған бейнероликтерді таратқаны үшін жазалануы мүмкін. Бұл видеоларда саясаткерлер, өнер қайраткерлері және шенеуніктер сияқты танымал тұлғалар бейнеленген роликтерге қатысты, деп хабарлады жалған ақпаратпен күрес орталығында.
Ведомство мәліметінше, Sora 2 нейрондық желісінің жаңа нұсқасы шыққаннан кейін Қазнетте жалған видеолар қаптап кеткен. Видеоларда қосымшаның таңбасы бар болса да, көбісі оларды шынайы ақпарат ретінде қабылдайды да, достарына жібереді.
Орталық өкілдері видеороликтердің авторлары ғана емес, оларды тарататындар да жауапқа тартылатынын ескертті.
Қазақстандықтар мына баптар бойынша жазалануы мүмкін екені ескертілді:
Жеке деректерді қорғау туралы заң – егер адамның суреті оның келісімінсіз пайдаланылса;
Қылмыстық кодекс – жала жабу, жалған ақпарат тарату, араздықты қоздыру, жеке өмірге қол сұғу;
Азаматтық кодекс – ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге нұқсан келтіру.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Көлік қаққан мал үшін иесі емес, жолға жауаптылар жазалануы керек – депутат
Жаңалықтар
0