Көлік қаққан мал үшін иесі емес, жолға жауаптылар жазалануы керек – депутат

© Sputnik / Александр КряжевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Алматы облысында жолдардың сапасы сын көтермейді
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Алматы облысында 25 жылдық кепілмен салынған жолдарддың сапасы сын көтермейді. Бұл туралы AMANAT партиясыннан сайланған мәслихат депутаттары айтты.
Алматы облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың жағдайы қоғамды мезі етіп біткен. Проблеманы AMANAT депутаттары көтерді.
"Біз бұл жолдарға ақы төлеп отырмыз. Көп елдерде мұндай жолдар толық қоршалады. Ал бізде мал өліп жатса, иесін соттайды. Алдымен жол иесін жауапқа тарту керек шығар? Жол бойы қараңғы, жарық жоқ. Бұл республикалық жол. 25 жылдық кепілдікпен салынған. Сонда бұл кепіл кім үшін, не үшін берілді?" – деді фракция мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Бақыт Атайбеков.
Ал "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Абзал Көкталұлы бірқатар жобаның қолға алынғанын айтып бақты.
"Алматы–Қонаев, Өскемен–Алматы және Алматы–Қорғас бағыттарындағы жолдарға жарықтандыру мен қоршау орнатуға арналған жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді. Сонымен қатар өткен жылы облыста жалпы ұзындығы 172 шақырым автожол пайдалануға берілді. Оның ішінде Шамалған станциясын айналып өтетін жолдар бар. Ал биыл 109 шақырым жолда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде Ұзынағаш–Атар – 42 шақырым, Күрті–Қонаев – 62 шақырым", – деді ол.
Облыс аумағында күре жолдардың бойында 150-ден астам жол өткелі мен көпір, 1525 шақырым қоршау және 121 шақырым жасыл желек орналасқан. Алайда олардың көпшілігі ескірген және техникалық күтім мен жаңғыртуды қажет етеді. Осыған байланысты биыл жолдарды күтіп ұстауға арналған 16 арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жол өткелдері мен көпірлерді жөндеуге биыл 5,6 млрд теңге бөлінген.
Былтыр 23 автожол жобасы мен 199 көше-жол желісі тексерілген. 1085 сынама алынған, оның 28%-і құрылыс нормаларына сай келмеген.
"Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай, Іргелі және Кемертоған ауылдарындағы облыстық маңызы бар жолдарға соңғы үш жылда ешқандай күтім жасалмаған. Жолдар күрделі жөндеуді қажет етеді, тротуар мүлде жоқ. Жолдарға жауапты мекеме – ТОО "Деполь" қаржы алып отырғанымен, жұмыс жүргізбей отыр. Бұл жағдай неге бақылауға алынбай отыр және нақты қандай шаралар қабылданбақ?" – деді AMANAT партиясының мүшесі Рүстем Өтембаев.
Бұл мәселеге қатысты облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл елді мекендердегі жолдардың техникалық жағдайын зерделеу мақсатында жақын күндері мониторинг жүргізілетінін айтты.
Жаңалықтар
0