https://sputnik.kz/20251021/maskeude-algash-ret-resey-zhane-tmd-khalyqtary-festivali-otedi-58094450.html
Мәскеуде алғаш рет "Ресей және ТМД халықтары" фестивалі өтеді
Мәскеуде алғаш рет "Ресей және ТМД халықтары" фестивалі өтеді
Sputnik Қазақстан
Фестиваль іскерлік, ағартушылық және мәдени бағдарламаларды қамтиды 21.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-21T13:54+0500
2025-10-21T13:54+0500
2025-10-21T13:57+0500
тмд
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28412933_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_aae6cc32b5950a5e1169dfe241dc859a.jpg
АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. "Ресей және ТМД халықтары" ауқымды халықаралық фестивалі Мәскеуде Ресей Қауіпсіздік кеңесінің қолдауымен Ұлттық бірлік күні қарсаңында алғаш рет өтеді.Ресейде Ұлттық бірлік күні 4 қарашада тойланады.Мереке қарсаңында және Ұлттық бірлік күніне орай "Ресей және ТМД халықтары" халықаралық фестивалі алғаш рет Мәскеуде 2025 жылдың 31 қазаны мен 5 қарашасы аралығында үш алаңда өтеді.Фестиваль іскерлік, ағартушылық және мәдени бағдарламаларды қамтиды.Келушілер Ресей Федерациясының тарихи, мәдени аспектілері бойынша көрмелерге, сондай-ақ шеберлік сабақтарына қатыса алады.Фестиваль 31 қазанда Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу ашатын пленарлық отырыспен басталады. Фестивальдің іскерлік бағдарламасы "Ресей халықтары" VI Бүкілресейлік форумымен жалғасады.Фестиваль қатысушылары "Үлкен этнографиялық диктант" Бүкілресейлік ағартушылық акциясының 10 жылдығына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ол барлық құрылықта, соның ішінде Антарктидада, шетелдің 40 елінде өтеді.Фестивальдің іскерлік бағдарламасы "Москино" кинопарк алаңында жалғасады. Ол "Ресей және ТМД халықтарының ортақ мәдени кеңістігін қалыптастырудағы киноның рөлі" атты пленарлық отырыспен ашылады. Іс-шараға ТМД-ның алты елінен және Ресейдің 15-тен астам өңірінен жетекші киноиндустрия өкілдері қатысып, киноиндустрияны дамытуға, ортақ мұраға, бірлескен киножобаларға, патриоттық тәрбиеге қатысты мәселелерді талқылайды.Сондай-ақ БАҚ пен блогосфераның жетекші өкілдерінің қатысуымен "Ресей мен ТМД-дағы медиаорта" атты бірқатар іс-шаралар өтеді.ТМД киноиндустриясының өкілдері тарихи мұраны қалай сақтау керектігін талқылайды.Фестивальдің мәдени бағдарламасының визит картасы 4 қарашада Ұлттық бірлік күніне жоспарланған "Ресейдің заманауи музыкалық картасы" атты бүкілресейлік іс-шара болмақ.
https://sputnik.kz/20251017/tmd-arnayy-qyzmetterinin-basshylary-yntymaqtastyqty-keneytu-turaly-memorandumga-qol-qoydy-57999042.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0c/28412933_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_a5563146927a9c54760574fde51c099b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, ресей
Мәскеуде алғаш рет "Ресей және ТМД халықтары" фестивалі өтеді
13:54 21.10.2025 (жаңартылды: 13:57 21.10.2025) Фестиваль іскерлік, ағартушылық және мәдени бағдарламаларды қамтиды
АСТАНА, 21 қазан — Sputnik. "Ресей және ТМД халықтары" ауқымды халықаралық фестивалі Мәскеуде Ресей Қауіпсіздік кеңесінің қолдауымен Ұлттық бірлік күні қарсаңында алғаш рет өтеді.
Ресейде Ұлттық бірлік күні 4 қарашада тойланады.
Мереке қарсаңында және Ұлттық бірлік күніне орай "Ресей және ТМД халықтары" халықаралық фестивалі алғаш рет Мәскеуде 2025 жылдың 31 қазаны мен 5 қарашасы аралығында үш алаңда өтеді.
Фестиваль іскерлік, ағартушылық және мәдени бағдарламаларды қамтиды.
Келушілер Ресей Федерациясының тарихи, мәдени аспектілері бойынша көрмелерге, сондай-ақ шеберлік сабақтарына қатыса алады.
Фестиваль 31 қазанда Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу ашатын пленарлық отырыспен басталады. Фестивальдің іскерлік бағдарламасы "Ресей халықтары" VI Бүкілресейлік форумымен жалғасады.
Фестиваль қатысушылары "Үлкен этнографиялық диктант" Бүкілресейлік ағартушылық акциясының 10 жылдығына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ол барлық құрылықта, соның ішінде Антарктидада, шетелдің 40 елінде өтеді.
Фестивальдің іскерлік бағдарламасы "Москино" кинопарк алаңында жалғасады. Ол "Ресей және ТМД халықтарының ортақ мәдени кеңістігін қалыптастырудағы киноның рөлі" атты пленарлық отырыспен ашылады. Іс-шараға ТМД-ның алты елінен және Ресейдің 15-тен астам өңірінен жетекші киноиндустрия өкілдері қатысып, киноиндустрияны дамытуға, ортақ мұраға, бірлескен киножобаларға, патриоттық тәрбиеге қатысты мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ БАҚ пен блогосфераның жетекші өкілдерінің қатысуымен "Ресей мен ТМД-дағы медиаорта" атты бірқатар іс-шаралар өтеді.
ТМД киноиндустриясының өкілдері тарихи мұраны қалай сақтау керектігін талқылайды.
Фестивальдің мәдени бағдарламасының визит картасы 4 қарашада Ұлттық бірлік күніне жоспарланған "Ресейдің заманауи музыкалық картасы" атты бүкілресейлік іс-шара болмақ.