ТМД арнайы қызметтерінің басшылары ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандумға қол қойды

© Photo : Исполком СНГТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі
ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
Жазылу
Өзбекстанда ТМД-ның тоғыз елінің қауіпсіздік және барлау органдарының өкілдері жиналды
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Самарқанда барлау қызметі мәселелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі өтті.
© Photo : Исполком СНГТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі
Совещание руководства спецслужб стран СНГ в Самарканде - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі
ТМД Атқару комитетінің хабарлауынша, іс-шараға:
Қазақстан;
Ресей;
Әзербайжан;
Армения;
Беларусь;
Қырғызстан;
Тәжікстан;
Түрікменстан;
Өзбекстан арнайы ведомстволарының делегациялары қатысты.
Кездесуде Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин өзгеріп жатқан әлемдегі ТМД елдері үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге тоқталып, қазіргі жаһандық жағдайға егжей-тегжейлі сипаттама берді.
© Photo : Исполком СНГТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі
Совещание руководства спецслужб стран СНГ в Самарканде - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2025
ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік және барлау органдары басшыларының ХХI кеңесі
Ол серіктес қызметтердің әрқайсысы сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерге қарсы тұруда бірегей тәжірибе жинақтағанын, оны өзара алмасу Достастық елдерін икемді әрі күшті ететінін атап өтті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қолданыстағы өзара іс-қимыл тетігін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік мүдделерді қорғау және сыртқы теріс әсерден ТМД елдерінің қауіпсіздігін қорғау бойынша меморандумға қол қойылды.
Жаңалықтар
0