https://sputnik.kz/20251021/eldegi-100-ge-zhuyq-mektep-biryngay-dizaynmen-bezendirildi-58102537.html
Елдегі 100-ге жуық мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді
Елдегі 100-ге жуық мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді
Sputnik Қазақстан
Жаңа дизайн-код алдымен "Келешек мектептерде", кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жүзеге асырылады 21.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-21T20:05+0500
2025-10-21T20:05+0500
2025-10-21T20:05+0500
мектеп
оқушы
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708661_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_65083e3ee366fb16ddf0a7f383b82e81.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. "Адал азамат" бағдарламасы шеңберінде әзірленген бірыңғай дизайн-кодпен 100-ге жуық білім ордасы жаңартылды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Ведомство хабарлауынша, бірыңғай дизайн-код – тек қабырғаларды безендіру үлгісі емес, тәрбиелеудің жаңа тетігі. Онда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен заманауи көркем шешімдер үйлесім тапқан."Мектеп қабырғалары Қазақстан табиғатының сұлулығын, тарихи тұлғалардың бейнесін, ұлы ойшылдардың қанатты сөздерін бейнелейтін муралдармен толықтырылады. Сондай-ақ, ортақ шрифт, түс және навигация жүйесі қарастырылып, мектеп кеңістігі бірыңғай эстетикалық және тәрбиелік бағытта жаңғыртылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.Кеңістік оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалған: бастауыш сыныптарда – мейірім мен патриоттық тәрбиеге, орта және жоғары буында – пәндік тереңдік пен зерттеушілік мәдениетке басымдық беріледі.Жаңа дизайн-код алдымен "Келешек мектептерде", кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жүзеге асырылады.
https://sputnik.kz/20251002/qaytarylgan-aktivter-oralda-zhana-mektep-ashyldy-57540105.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708661_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_abe79dfd18f7e757106b4435b83d5121.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, оқушы, министрлік
мектеп, оқушы, министрлік
Елдегі 100-ге жуық мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді
Жаңа дизайн-код алдымен "Келешек мектептерде", кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жүзеге асырылады
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. "Адал азамат" бағдарламасы шеңберінде әзірленген бірыңғай дизайн-кодпен 100-ге жуық білім ордасы жаңартылды, деп хабарлады
оқу-ағарту министрлігі.
Ведомство хабарлауынша, бірыңғай дизайн-код – тек қабырғаларды безендіру үлгісі емес, тәрбиелеудің жаңа тетігі. Онда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен заманауи көркем шешімдер үйлесім тапқан.
"Мектеп қабырғалары Қазақстан табиғатының сұлулығын, тарихи тұлғалардың бейнесін, ұлы ойшылдардың қанатты сөздерін бейнелейтін муралдармен толықтырылады. Сондай-ақ, ортақ шрифт, түс және навигация жүйесі қарастырылып, мектеп кеңістігі бірыңғай эстетикалық және тәрбиелік бағытта жаңғыртылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Кеңістік оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалған: бастауыш сыныптарда – мейірім мен патриоттық тәрбиеге, орта және жоғары буында – пәндік тереңдік пен зерттеушілік мәдениетке басымдық беріледі.
Жаңа дизайн-код алдымен "Келешек мектептерде", кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жүзеге асырылады.