https://sputnik.kz/20251020/oralda-ush-zhyl-toqtap-turgan-teri-ondeytin-kasiporyn-qayta-iske-qosyldy-58063816.html
Оралда үш жыл тоқтап тұрған тері өңдейтін кәсіпорын қайта іске қосылды
Оралда үш жыл тоқтап тұрған тері өңдейтін кәсіпорын қайта іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорын жетекші еуропалық өндірушілердің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған 20.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-20T22:05+0500
2025-10-20T22:05+0500
2025-10-20T22:05+0500
кәсіпорын
орал
иран
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/14/58063656_0:111:1179:774_1920x0_80_0_0_21bde1c6dcf91f0f45c9d62e2bcda7d3.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстанда жылына 800 мыңнан астам тері өңделеді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Орал қаласында үш жылдық үзілістен кейін былғары өңдеу кәсіпорны өз жұмысын қайта бастады.Маусым-қыркүйек айлары аралығында өндірістік желілерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қызметкерлерді оқыту, логистикалық жүйені жаңғырту жұмыстары жүргізілді.Кәсіпорын жетекші еуропалық өндірушілердің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ аяқ киім өндірісі үшін 68 тігін машинасы орнатылды.Қазан айында кәсіпорын ірі және ұсақ малдың терілерін өңдеу, WET Blue, краст типтес былғары өндіру, сондай-ақ люкс және жартылай люкс санатындағы ерлер аяқ киімін тігу жұмыстарын бастады.
https://sputnik.kz/20250911/memlekettin-qatysuy-bar-450-den-asa-kasiporyn-zhekeshelendirilui-mumkin-56984990.html
орал
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/14/58063656_0:0:1179:884_1920x0_80_0_0_88966ef064ba39e1776a9a213305987f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпорын, орал, иран
Оралда үш жыл тоқтап тұрған тері өңдейтін кәсіпорын қайта іске қосылды
Кәсіпорын жетекші еуропалық өндірушілердің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстанда жылына 800 мыңнан астам тері өңделеді, деп хабарлады
ауыл шаруашылығы министрлігі.
Орал қаласында үш жылдық үзілістен кейін былғары өңдеу кәсіпорны өз жұмысын қайта бастады.
"Биыл сәуір айында ирандық инвесторлардың қатысуымен "Persist Kazakh K&K" компаниясы арқылы кәсіпорынды қалпына келтіру процесі басталған болатын. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1 млрд теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
Маусым-қыркүйек айлары аралығында өндірістік желілерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қызметкерлерді оқыту, логистикалық жүйені жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпорын жетекші еуропалық өндірушілердің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ аяқ киім өндірісі үшін 68 тігін машинасы орнатылды.
Қазан айында кәсіпорын ірі және ұсақ малдың терілерін өңдеу, WET Blue, краст типтес былғары өндіру, сондай-ақ люкс және жартылай люкс санатындағы ерлер аяқ киімін тігу жұмыстарын бастады.