Мемлекеттің қатысуы бар 450-ден аса кәсіпорын жекешелендірілуі мүмкін

© Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2025
Жазылу
Бұл мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту үшін қабылданатын шара болып отыр
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлықты іске асыру мақсатында атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалды.
Марат Омаров мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту үшін 450-ден аса кәсіпорынды қамтитын тізім дайындалғанын жеткізді. Оның айтуынша, ұлттық жекешелендіру кеңсесі әзірлеген тізімдегі компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылады.
Сонымен қатар негізгі тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту жұмыстары аясында биржалық қызмет заңнама талаптары мен қазіргі нарықтық сауда жағдайларына сәйкестендірілген.
Бүгінгі таңда 3 тауар биржасы жұмыс істейді, ал агенттікке аталған саладағы мемлекеттік бақылау функциялары берілген сәтте 22 биржа болған.
Президент экономиканың басты секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тергеулер мен тексерулерге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсырма берді.
Тоқаев Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2025
Тоқаев Қазақстан - Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады
Жаңалықтар
0