Оқушылардың күзгі каникулы неше күнге созылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы күз
Астанадағы күз - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Жазылу
Осы аптада оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталады
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары күзгі каникул кезінде неше күн демалатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осы аптада оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталады.
"Күзгі каникул кезеңі 2025 жылдың 27 қазанында басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады", - делінген ресми хабарламада.
2025-2026 оқу жылындағы оқушылардың емтихан кестесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Инфографика
2025-2026 оқу жылы: оқушылар қашан емтихан тапсырады
Осылайша, мектеп оқушылары күзгі каникул кезінде 7 күн демалады. Ал олардың бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.
Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
"Демалыста кітап оқимыз" іс-шарасы;
"Буллингтен қорған! " қауіпсіздік сабағы;
"Мектеп театрының" жұмысын ұйымдастыру.
Осы орайда министрлік ең бастысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді. Ол үшін ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшедегі қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аударған жөн.
Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Көктемгі каникул: оқушылар неше күн демалады
Жаңалықтар
0