https://sputnik.kz/20251019/gaziz-baytasovtyn-erligine-arnalgan-film-kinoteatrlarda-korsetiledi-58034818.html
Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильм көрерменге жол тартады
Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильм көрерменге жол тартады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Келесі аптадан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрында полиция капитаты Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильм көрсетіледі, деп... 19.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-19T14:06+0500
2025-10-19T14:06+0500
2025-10-19T14:09+0500
фильм
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0d/16024422_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_6f3c30a835b68fda632f8c53acf5af90.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Келесі аптадан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрында полиция капитаты Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильм көрсетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Фильмнің сюжеті 2011 жылы Тараз қаласында болған лаңкестік шабуыл бойынша түсірілген. Сол кезде полиция капитаны Ғазиз Байтасов лаңкестің лақтырмақ болған гранатасын өз денесімен жауып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды. Артында жұбайы мен екі ұлы қалды. Батырға қайтыс болғаннан кейін "Халық Қаһарманы" атағы берілді.Капитанның ерлігіне арналған фильм "Қазақфильм" киностудиясында түсірілді. 23 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.Айта кетері, төрт жыл бұрын ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы дәріс залы ашылған болатын.
https://sputnik.kz/20211215/kostanay-akademiyasy-Baytasov-18909823.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0d/16024422_0:0:1700:1275_1920x0_80_0_0_06892bd9dfd8d2a0c82438a24bd635d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
фильм
Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильм көрерменге жол тартады
14:06 19.10.2025 (жаңартылды: 14:09 19.10.2025) АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Келесі аптадан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрында полиция капитаты Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған фильм көрсетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Фильмнің сюжеті 2011 жылы Тараз қаласында болған лаңкестік шабуыл бойынша түсірілген. Сол кезде полиция капитаны Ғазиз Байтасов лаңкестің лақтырмақ болған гранатасын өз денесімен жауып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды. Артында жұбайы мен екі ұлы қалды. Батырға қайтыс болғаннан кейін "Халық Қаһарманы" атағы берілді.
Капитанның ерлігіне арналған фильм "Қазақфильм" киностудиясында түсірілді. 23 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.
Айта кетері, төрт жыл бұрын ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы дәріс залы ашылған болатын.