Қостанай академиясында Ғазиз Байтасов атындағы дәріс залы ашылды
20:04 15.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© Photo : из семейного архива БайтасовыхСемья полицейского-героя Газиза Байтасова
© Photo : из семейного архива Байтасовых
Жазылу
Атаулы залдың салтанатты ашылуына Ғазиз Байтасовтың ұлы Арманжан Әбдібеков келді
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздік күні қарсаңында ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы дәріс залы ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атаулы залдың салтанатты ашылуына Ғазиз Байтасовтың ұлы Арманжан Әбдібеков келді.
Халық қаһарманының ұлы өз сөзінде басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өзін құрбан еткен әкесінің және басқа да полицейлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
"Мен алғаш рет Қостанай қаласына келдім. Академия басшылығы мен ұжымына дәл осы жерде менің әкемнің есіміне арналған дәріс залының ашылғанына алғысымды білдіргім келеді", – деді Арманжан Әбдібеков.
Өз кезегінде Қостанай академиясының бастығы Нұрлан Биекенов дәріс залы еліміздегі ішкі істер органдарының әкімшілік қызмет кафедрасының курсанттары мен тыңдаушылары оқитын жалғыз зал екенін айтты. Ғазиз Байтасов атындағы аудиториядағы сабақтар курсанттарға патриоттық тәрбие беруге, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға қызмет етеді.
Іс-шара барысында қатысушылар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Естеріңізге сала кетейік, Таразда 2011 жылдың 12 қарашасында деструктивті діни ағымның жақтаушысы жасаған қылмыстардың салдарынан жеті адам қаза тапты. Оның ішінде құқық қорғау органдарының бес қызметкері болды. Үш адам ауыр жарақат алды.
Жол полициясы басқармасының жеке батальонының командирі, капитан Ғазиз Байтасов өз-өзін жарып жібермек болған қаруланған қылмыскерді денесімен жауып, бірнеше адамды ажалдан аман алып қалды. Осы ерлігі үшін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.
Жол полициясы басқармасының жеке батальонының командирі, капитан Ғазиз Байтасов өз-өзін жарып жібермек болған қаруланған қылмыскерді денесімен жауып, бірнеше адамды ажалдан аман алып қалды. Осы ерлігі үшін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.