https://sputnik.kz/20251018/almatyda-on-qiylysta-zhana-zhol-belgisi-syzyldy--ony-buzgandar-ayyppul-arqalaydy----58022677.html
Алматыда он қиылыста жаңа жол белгісі сызылды – оны бұзғандар айыппұл арқалайды
Алматыда он қиылыста жаңа жол белгісі сызылды – оны бұзғандар айыппұл арқалайды
Sputnik Қазақстан
Осы тәжірибе оң нәтиже көрсетсе, пилоттық жоба кезең-кезеңімен қаланың басқа көшелерінде енгізіледі 18.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-18T19:45+0500
2025-10-18T19:45+0500
2025-10-18T19:45+0500
алматы
жол
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58022911_0:30:1175:691_1920x0_80_0_0_ca1d05f95071688a0ba19898ffb27610.jpg
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Алматы қаласында он бірдей қиылыста "вафельді" төртбұрыш белгісі сызылды. Бұдан былай алдағы кептелісті көріп тұрып, төртбұрышта қалып қойған көлік иелеріне айыппұл салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл шара көліктердің тоқтаусыз жүруіне және жол қозғалысы кезінде көліктердің кептеліс жағдайында қиылыстың ортасында тоқтауға, көлденең бағыттағы қозғалысқа кедергі келтірмеуге бағытталған. Қазіргі кезде "вафельді" төртбұрыш белгісі бар көше қиылыстарында фото және бейнебақылау жүргізіледі. Осы тәжірибе оң нәтиже көрсетсе, пилоттық жоба кезең-кезеңімен қаланың басқа көшелерінде енгізіледі."Вафельді" төртбұрыш сызылған қиылыстар: Айта кетері, бұған дейін ішкі істер министрлігі жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған ережесін түсіндірген болатын.
https://sputnik.kz/20250527/53952781.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58022911_108:0:1068:720_1920x0_80_0_0_015d077283cd110d36143c96473b529b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жол, айыппұл
Алматыда он қиылыста жаңа жол белгісі сызылды – оны бұзғандар айыппұл арқалайды
Осы тәжірибе оң нәтиже көрсетсе, пилоттық жоба кезең-кезеңімен қаланың басқа көшелерінде енгізіледі
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Алматы қаласында он бірдей қиылыста "вафельді" төртбұрыш белгісі сызылды. Бұдан былай алдағы кептелісті көріп тұрып, төртбұрышта қалып қойған көлік иелеріне айыппұл салынады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұл шара көліктердің тоқтаусыз жүруіне және жол қозғалысы кезінде көліктердің кептеліс жағдайында қиылыстың ортасында тоқтауға, көлденең бағыттағы қозғалысқа кедергі келтірмеуге бағытталған.
"Басты мақсат – жүргізушілер тәртібін күшейту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және әсіресе, қарбалас сағаттарда көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету", - дейді әкімдік мамандары.
Қазіргі кезде "вафельді" төртбұрыш белгісі бар көше қиылыстарында фото және бейнебақылау жүргізіледі. Осы тәжірибе оң нәтиже көрсетсе, пилоттық жоба кезең-кезеңімен қаланың басқа көшелерінде енгізіледі.
"Вафельді" төртбұрыш сызылған қиылыстар:
Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
Абай даңғылы – Масанчи көшесі;
Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;
Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;
Абай даңғылы – Тұрғыт Озал көшесі;
Абылай хан даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі;
Сәтбаев көшесі – Наурызбай батыр көшесі;
Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;
Жандосов көшесі – Жароков көшесі;
Розыбакиев көшесі – Төле би көшесі.
Айта кетері, бұған дейін ішкі істер министрлігі жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған
ережесін түсіндірген болатын.