https://sputnik.kz/20250918/zhurgizushilerdin-mas-nemese-sau-ekendigi--zhanartylgan-erezhe-boyynsha-tekseriledi--57190710.html
Жүргізушілердің мас немесе сау екендігі жаңартылған ереже бойынша тексеріледі
Жүргізушілердің мас немесе сау екендігі жаңартылған ереже бойынша тексеріледі
Sputnik Қазақстан
Бұрын ережелер үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітіледі 18.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-18T20:51+0500
2025-09-18T20:51+0500
2025-09-18T20:51+0500
мас
мас жүргізуші
жол жүру ережесі
ереже
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1b/35336829_0:146:3073:1875_1920x0_80_0_0_04d5cf85f04719defb549f452e6f2f77.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған ережесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.16 қыркүйектен бастап жүргізушілердің масаңдығын тексерудің ережелері жаңартылды. Бұл ережелер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 796-бабы бойынша жүргізілетін әкімшілік өндірістің аясында ғана қолданылады.Сондай-ақ процедураның өзі бұрынғы қалпында қалып отыр - түпкілікті өзгерістер жоқ. Басты жаңалық бекіту формасына қатысты: бұрын ережелер үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітіледі.Бұл децентрализация және бюрократиядан құтылу саясатының аясында жасалды, осылайша мұндай құжаттарды қабылдау тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүргізуші арнайы құралдармен, мәселен алкотестермен масаңдық дәрежесін тексеруден бас тартуға немесе медициналық ұйымында тексеруді жалғастыруға құқылы екенін еске саламыз.Ал масаңдықтан тексеруден жалтару немесе бас тарту ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғауға негіз болады.
https://sputnik.kz/20250829/zhetisuda-ekinshi-ret-mas-kuyde-kolik-aydagan-zhurgizushi-bas-bostandygynan-ayyryldy-56687794.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1b/35336829_219:0:2950:2048_1920x0_80_0_0_c569492e40e7cd4204f7500111aba8b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мас, мас жүргізуші, жол жүру ережесі, ереже
мас, мас жүргізуші, жол жүру ережесі, ереже
Жүргізушілердің мас немесе сау екендігі жаңартылған ереже бойынша тексеріледі
Бұрын ережелер үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітіледі
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған ережесін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 16 қыркүйектен бастап жүргізушілердің масаңдығын тексерудің ережелері жаңартылды. Бұл ережелер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 796-бабы бойынша жүргізілетін әкімшілік өндірістің аясында ғана қолданылады.
"Бұл норма басқару құқығынан уақытша айыруды және масаң күйде болатын жүргізушілерді тексеруді көздейді. Сондықтан жаңартылған ережелер тек көлік құралын басқарушыларға қатысты. Жаяу жүргіншілер мен жол жүрісінің басқа қатысушыларына жаңа талаптар енгізілген жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ процедураның өзі бұрынғы қалпында қалып отыр - түпкілікті өзгерістер жоқ. Басты жаңалық бекіту формасына қатысты: бұрын ережелер үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітіледі.
Бұл децентрализация және бюрократиядан құтылу саясатының аясында жасалды, осылайша мұндай құжаттарды қабылдау тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүргізуші арнайы құралдармен, мәселен алкотестермен масаңдық дәрежесін тексеруден бас тартуға немесе медициналық ұйымында тексеруді жалғастыруға құқылы екенін еске саламыз.
Ал масаңдықтан тексеруден жалтару немесе бас тарту ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғауға негіз болады.