https://sputnik.kz/20251017/zhetisu-oblysynda-8-zhana-su-qoymasy-salynady---ministrlik-57966496.html
Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады - министрлік
Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады - министрлік
Sputnik Қазақстан
Үш су қоймасын және ұзындығы 2930 шақырым болатын каналды реконструкциялау, сондай-ақ ұзындығы 236,8 шақырым каналды автоматтандыру жоспарланып отыр 17.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-17T08:37+0500
2025-10-17T08:37+0500
2025-10-17T08:37+0500
министрлік
жетісу
жаңғырту
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1f/56066741_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_1b7fbef5499c959fa13cc448726b9815.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасын салып, шамамен 3 мың шақырым каналды реконструкциялау жоспарланып отыр, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Бұл жөнінде ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтің Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.Ресми мәліметке сәйкес, 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Ақсу, Көксу, Панфилов, Сарқан, Алакөл аудандарында және Талдықорған қаласында 8 жаңа су қоймасын салу көзделген. Нысандар Биен, Біже, Қорғас, Үсек, Тышқан, Балықты, Жаманты және Басқан өзендері бойында салынады.Бұдан бөлек, үш су қоймасын және ұзындығы 2930 шақырым болатын каналды реконструкциялау, сондай-ақ ұзындығы 236,8 шақырым каналды автоматтандыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 17 гидротехникалық құрылысжайда көпфакторлы зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
https://sputnik.kz/20251013/su-zannamasyn-buzgandarga-583-mln-tengege-ayyppul-salyndy-57844088.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1f/56066741_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_2b6b02c2e041411a85a9c764d938a451.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, жетісу, жаңғырту
министрлік, жетісу, жаңғырту
Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады - министрлік
Үш су қоймасын және ұзындығы 2930 шақырым болатын каналды реконструкциялау, сондай-ақ ұзындығы 236,8 шақырым каналды автоматтандыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасын салып, шамамен 3 мың шақырым каналды реконструкциялау жоспарланып отыр, деп хабарлады су ресурстары және ирригация
министрлігі.
Бұл жөнінде ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтің Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.
"Біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі – су шаруашылығы инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту. Қазір жүзеге асырылып жатқан гидротехникалық құрылысжайларды салу мен реконструкциялау, ирригация желілерін автоматтандыру жобалары суды пайдалану тиімділігін айтарлықтай арттырып, оның шығынын азайтуға мүмкіндік береді", – деді Нұржан Нұржігітов.
Ресми мәліметке сәйкес, 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Ақсу, Көксу, Панфилов, Сарқан, Алакөл аудандарында және Талдықорған қаласында 8 жаңа су қоймасын салу көзделген. Нысандар Биен, Біже, Қорғас, Үсек, Тышқан, Балықты, Жаманты және Басқан өзендері бойында салынады.
Бұдан бөлек, үш су қоймасын және ұзындығы 2930 шақырым болатын каналды реконструкциялау, сондай-ақ ұзындығы 236,8 шақырым каналды автоматтандыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 17 гидротехникалық құрылысжайда көпфакторлы зерттеу жұмыстары жүргізіледі.