Су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңгеге айыппұл салынды

Шу өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2025
Жазылу
Былтыр суару маусымында су заңнамасын бұзғандарға 15,8 млн теңге көлемінде 188 айыппұл салынған болатын
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. 2025 жылғы вегетация кезеңінде су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Судың заңсыз нарығына қарсы күрес аясында 2025 жылғы вегетация кезеңінде бассейн инспекциялары су заңнамасын бұзғандарға 310 айыппұл хаттамасы толтырылды. Олардың жалпы сомасы 58,3 млн теңге болды.
"Бас прокуратураның, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен министрлік республика деңгейінде судың заңсыз нарығына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз су алу фактілеріне қарсы күресті жалғастыру алгоритмі әзірленіп жатыр", – деді бірінші вице-министр Нұрлан Алдамжаров.
Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр суару маусымында су заңнамасын бұзғандарға 15,8 млн теңге көлемінде 188 айыппұл салынған болатын.
Министрлік вегетация кезеңінде Қазақстанның оңтүстігінде төрт жұмыс тобын құрғанын еске сала кетейік. Олар өңірлерде судың әділ бөлінуін қамтамасыз етіп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді.
Ақтөбеде қоршаған ортаны ластаған компания 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Ақтөбеде қоршаған ортаны ластаған компания 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0