https://sputnik.kz/20251017/deputattar-nurbol-nazarbaevtyn-areketine-shagymdandy--qosymsha-tergeu-bastaldy-58000459.html
Депутаттар Нұрбол Назарбаевтың әрекетіне шағымданды – қосымша тергеу басталды
Депутаттар Нұрбол Назарбаевтың әрекетіне шағымданды – қосымша тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
Бұрын қабылданған шешімнің күші жойылды 17.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-17T18:06+0500
2025-10-17T18:06+0500
2025-10-17T18:06+0500
назарбаев
депутаттар
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34129503_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_10c811cb4d475c08f135fdf3744842bb.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов депутаттардың рейдерлік шабуылға қатысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін мәжілісмен Ермұрат Бәпи бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, өзіне шағымданған кәсіпкердің рейдерлік шабуылдан кейін барлық мүлкінен айырылғанын мәлімдеді. Үш жыл бұрын Алматының прокуратурасы мен экономикалық тергеу департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бизнесменнің өзі сол кезде рейдерлік басып алу Нұрбол Назарбаевтың нұсқауы бойынша жасалғанын айта алмапты.Бас прокурор Берік Асылов былтыр бизнесменнің арызы бойынша қозғалған істің қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын растады. Бірақ биыл 9 қазанда сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарын зерделеу қорытындысы бойынша жəне кәсіпкердің дəлелдерін ескере отырып, бұрын қабылданған шешімнің күші жойылды.Айта кетері, депутат Ринат Зайытов бас прокурордан Нұрбол Назарбаевтың барлық мүлкін тексеруді сұраған болатын.
https://sputnik.kz/20250924/nurbol-nazarbaevtyn-barlyq-mulkin-tekseru-kerek---deputat-bas-prokurorga-surau-zholdady-57339282.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34129503_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_fd938ea0be45926c7c5fbcaee3d5d2d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, депутаттар
Депутаттар Нұрбол Назарбаевтың әрекетіне шағымданды – қосымша тергеу басталды
Бұрын қабылданған шешімнің күші жойылды
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов депутаттардың рейдерлік шабуылға қатысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін мәжілісмен Ермұрат Бәпи бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, өзіне шағымданған кәсіпкердің рейдерлік шабуылдан кейін барлық мүлкінен айырылғанын мәлімдеді. Үш жыл бұрын Алматының прокуратурасы мен экономикалық тергеу департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бизнесменнің өзі сол кезде рейдерлік басып алу Нұрбол Назарбаевтың нұсқауы бойынша жасалғанын айта алмапты.
"Бірақ арада екі жыл өткенде – 2024 жылы Алматы қаласының прокуратурасы қозғалған қылмыстық істі "қылмыс құрамының болмауына байланысты" деген желеумен тоқтатқан. Себебі айтпаса да түсінікті, прокуратура Назарбаевтардың дегенін орындаған",-деді Бәпи мәжіліс отырысында.
Бас прокурор Берік Асылов былтыр бизнесменнің арызы бойынша қозғалған істің қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын растады. Бірақ биыл 9 қазанда сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарын зерделеу қорытындысы бойынша жəне кәсіпкердің дəлелдерін ескере отырып, бұрын қабылданған шешімнің күші жойылды.
"Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті келтірілген фактілерді жан-жақты жəне объективті тексеруге бағытталған қосымша тергеу əрекеттерін жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында", - делінген бас прокурордың жауабында.
Айта кетері, депутат Ринат Зайытов бас прокурордан Нұрбол Назарбаевтың барлық мүлкін тексеруді
сұраған болатын.