Көкшетауда жанармай бекетінде ер адамды тоқ соқты

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуЖанармай құю станциясы
Жанармай құю станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Жазылу
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Көкшетауда ер адамды жанармай құю бекетінде тоқ соққан, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 13 қазан сағат 09:45 шамасында болған.
Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жанармай құю станцияларының бірінің аумағында жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түскен.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, оператор автоцистернаның тіркемесіне көтерілген. Сол сәт электр беру желісіне тиіп, ток соққан", - дейді ведомстводағылар.
Салдарынан оператор қайтыс болды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
"Балам үні шықпай дірілдеп жатты": Алматыда бір жасар баланы тоқ соқты
Жаңалықтар
0