https://sputnik.kz/20250819/balam-dymy-shyqpay-dirildep-zhatty-almatyda-bir-zhasar-balany-toq-soqty-56456116.html
"Балам үні шықпай дірілдеп жатты": Алматыда бір жасар баланы тоқ соқты
"Балам үні шықпай дірілдеп жатты": Алматыда бір жасар баланы тоқ соқты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде аулада ойнап жүрген баланы тоқ соқты. Sputnik Қазақстан тілшісі бүлдіршіннің анасымен... 19.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-19T16:53+0500
2025-08-19T16:53+0500
2025-08-19T17:48+0500
алматы
тоқ соғу
бала
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде аулада ойнап жүрген баланы тоқ соқты. Sputnik Қазақстан тілшісі бүлдіршіннің анасымен тілдесті.Оқиға Навои тұрғын үй кешенінде 18 тамыз кешкі уақытта болған.Тоққа жабысып үнсіз қалған бала жерге құлайды. Сол кезде ғана жан дауысы шығып жылай бастайды."Құлап қалып жылады деп ойладым. Көтерейін десем дірілдеп, арматураны жібермей тұр. Қызымды жұлып алдым. Қолы ісіп көгеріп кетті. Бір нәрсе шағып алды ма дедім. Сосын жаңағы арматураны өзім ұстап көріп едім, мені де тоқ соқты", - дейді анасы.Бүлдіршін жедел жәрдеммен дереу ауруханаға жеткізілген.Бала қазір жансақтау бөлімінен күйік бөліміне ауыстырылды."Жағдайы орташа ауыр, тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.Полиция қылмыстық іс қозғады."Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Істің нақты мән-жайы анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы, тоқ соғу, бала
АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде аулада ойнап жүрген баланы тоқ соқты.
Sputnik Қазақстан тілшісі бүлдіршіннің анасымен тілдесті.
Оқиға Навои тұрғын үй кешенінде 18 тамыз кешкі уақытта болған.
"Күнделікті есік алдына ойнауға шықтық. Көршілермен сәкіде отырғанбыз, қызым қасымда ойнап жүрген. Жерде кішкентай арматураның шеті шығып тұрыпты, соны тас деп ойлап қызым ұстап алған", - дейді анасы Динара Бимұрзаева.
Тоққа жабысып үнсіз қалған бала жерге құлайды. Сол кезде ғана жан дауысы шығып жылай бастайды.
"Құлап қалып жылады деп ойладым. Көтерейін десем дірілдеп, арматураны жібермей тұр. Қызымды жұлып алдым. Қолы ісіп көгеріп кетті. Бір нәрсе шағып алды ма дедім. Сосын жаңағы арматураны өзім ұстап көріп едім, мені де тоқ соқты", - дейді анасы.
Бүлдіршін жедел жәрдеммен дереу ауруханаға жеткізілген.
"Жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер тоқ жүрекке өтіп кеткен деді. Электр жарақатын, электр күйігін алды. Бұған жауапты "Рамс" мердігері жауапқа тартылсын. Аулада 1045 бала жүреді. Менің қызымның орнында басқа да бала болуы мүмкін", - дейді тоққа түскен баланың анасы.
Бала қазір жансақтау бөлімінен күйік бөліміне ауыстырылды.
"Жағдайы орташа ауыр, тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Істің нақты мән-жайы анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.