https://sputnik.kz/20251016/almatyda-qurylys-merzimin-buzyp-normalardy-saqtamaytyn-merdigerler-anyqtaldy-57949186.html
Алматы әкімі жауапсыз мердігерлерді лицензиясынан айыруды тапсырды
Алматы әкімі жауапсыз мердігерлерді лицензиясынан айыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Қала құрылысын бақылау басқармасы мұндай нысанды әр апта сайын қадағалап отырады 16.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-16T13:37+0500
2025-10-16T13:37+0500
2025-10-16T13:39+0500
алматы
құрылыс
әкім
https://sputnik.kz/img/07e4/08/04/14634384_0:206:2910:1843_1920x0_80_0_0_bf0ebf8aa94ea861ccb35cfa994fa92d.jpg
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Алматыда мерзім мен сапа талаптарын бұзған мердігерлерге қатаң шара қолданылады. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалдының кеңесшісі Ильзат Акчурин жеке парақшасында жазды.Оның айтуынша, кейбір мердігер бір нысанды бітірмей жатып жаңасына кіріседі.Алматы әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысандардың құрылысына, жол инфрақұрылымы мен қоғамдық кеңістіктерді дамытуға қатысып жүрген мердігер ұйымдардың құрылтайшыларымен кеңес өткізген.Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Олжас Төлебаевтың айтуынша, мониторинг нәтижесінде келісімшарт мерзімін үнемі бұзып, құрылыс нормаларын сақтамайтын тоғыз мердігер анықталған. Олардың жұмысында жобадан ауытқу, ұйымдастыру деңгейінің төмендігі және құжат жүргізудегі салғырттық жиі байқалады.Қала әкімі Дархан Сатыбалды мұндай немқұрайлылық қала тұрғындарының наразылығын тудырып отырғанын жеткізді. Көпшілік мектеп пен балабақша құрылысының созбалаңға салынғанына, саябақтар мен жағалауларды абаттандыру жұмыстарының кешігуіне, сондай-ақ жол мен тротуардағы қазылған жерлердің уақытында қалпына келтірілмеуіне шағымданған."Одан бөлек, кейбір компаниялар бір нысанды бітірмей жатып, жаңасын қолға алатын келеңсіз әдет қалыптастырған. Мұндай тәжірибеге мүлде жол беруге болмайды. Өйткені, мәселе адамдардың қауіпсіздігі мен жайлы өмірі туралы болып отыр. Егер мердігер міндетін тиісті деңгейде орындамаса, оның қала жобаларында жұмыс істемеуі керек", – деді Дархан Сатыбалды.Кеңес қорытындысы бойынша Алматы әкімі қала құрылысын бақылау басқармасына мұндай нысанды әр апта сайын қадағалап отыруды, жауапсыз мердігерлердің лицензиясынан айыруды және қажет болса материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20251006/26-mlrd-tengeni-talan-tarazh-etken-basshyga-sot-ukimi-shyqty-57672155.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/04/14634384_90:0:2821:2048_1920x0_80_0_0_f8d97c5f6d84d6a5d366f425c133ea4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, құрылыс, әкім
Алматы әкімі жауапсыз мердігерлерді лицензиясынан айыруды тапсырды
13:37 16.10.2025 (жаңартылды: 13:39 16.10.2025) Қала құрылысын бақылау басқармасы мұндай нысанды әр апта сайын қадағалап отырады
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Алматыда мерзім мен сапа талаптарын бұзған мердігерлерге қатаң шара қолданылады. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалдының кеңесшісі Ильзат Акчурин жеке парақшасында
жазды.
Оның айтуынша, кейбір мердігер бір нысанды бітірмей жатып жаңасына кіріседі.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысандардың құрылысына, жол инфрақұрылымы мен қоғамдық кеңістіктерді дамытуға қатысып жүрген мердігер ұйымдардың құрылтайшыларымен кеңес өткізген.
"Кездесу барысында қала бойынша жүзеге асып жатқан жобалардың орындалу барысына аралық қорытынды жасалды. Бүгінде Алматыда 147 жоба іске асырылып жатыр, соның ішінде 26 нысанда мерзім сақталмаған, сапаға қатысты талаптар бұзылған", - дейді Акчурин.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Олжас Төлебаевтың айтуынша, мониторинг нәтижесінде келісімшарт мерзімін үнемі бұзып, құрылыс нормаларын сақтамайтын тоғыз мердігер анықталған. Олардың жұмысында жобадан ауытқу, ұйымдастыру деңгейінің төмендігі және құжат жүргізудегі салғырттық жиі байқалады.
Қала әкімі Дархан Сатыбалды мұндай немқұрайлылық қала тұрғындарының наразылығын тудырып отырғанын жеткізді. Көпшілік мектеп пен балабақша құрылысының созбалаңға салынғанына, саябақтар мен жағалауларды абаттандыру жұмыстарының кешігуіне, сондай-ақ жол мен тротуардағы қазылған жерлердің уақытында қалпына келтірілмеуіне шағымданған.
"Одан бөлек, кейбір компаниялар бір нысанды бітірмей жатып, жаңасын қолға алатын келеңсіз әдет қалыптастырған. Мұндай тәжірибеге мүлде жол беруге болмайды. Өйткені, мәселе адамдардың қауіпсіздігі мен жайлы өмірі туралы болып отыр. Егер мердігер міндетін тиісті деңгейде орындамаса, оның қала жобаларында жұмыс істемеуі керек", – деді Дархан Сатыбалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Алматы әкімі қала құрылысын бақылау басқармасына мұндай нысанды әр апта сайын қадағалап отыруды, жауапсыз мердігерлердің лицензиясынан айыруды және қажет болса материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуді тапсырды.