Астанада мердігер құрылысқа бағытталған мемлекет қаражатын қарызын өтеуге жұмсаған

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Жазылу
Қаражаттың едәуір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Астанада "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
ЖШС басшысына көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша айып тағылды.
Еске салсақ, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ мен "Дорстройтрест" ЖШС арасында құрылысқа инвестиция тарту туралы шарт жасалып, оның аясында мердігерге 2,6 млрд теңге аванс аударылған.
Алайда құрылыс жұмыстары тиісті талаптарға сәйкес жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Аванстың едәуір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған.
Бұдан бөлек, 650 млн теңге жалған шарттар арқылы аффилирленген компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.
"Сот үкімімен "Дорстройтрест" ЖШС басшысы Нурабаев кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сот шешімімен жалпы құны 131 млн теңге болатын мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ның бұрынғы басқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланған.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2025
Көпбалалы отбасы автобус паркінен ай сайын өтемақы алады – сот үкімі
Жаңалықтар
0